Rixos Premium Belek Түркия қонақүй иелері федерациясы (TÜROFED) әзірлеген және Diversey қолдау көрсеткен «Ақ жұлдыз» жобасы аясында сертификат алуға лайық деп танылды. Жоба туристік нысандардағы су, электр, энергия, химиялық заттар мен қатты қалдықтар тұтынуын бақылауға алу арқылы қоршаған ортаға және табиғи ресурстарға келтірілетін зиянды азайтуды мақсат етеді.
Құжатты жоба өкілдерінің қолынан қонақүйдің бас менеджері Тансел Терджан қабылдап алды. Терджан туризмдегі тұрақтылыққа тек тұрақты экологиялық саясат арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап өтіп, нысанның қоршаған ортаға деген жанашырлығына қызметкерлері мен қонақтарын да ортақтастырғанын айтты.
Баспасөзде: Tourism Today
