Үзілмейтін тізбек: Blockchain

«Бір күні аскөк сабағының ішіне жасырып, оттың ұрығын ұрлап, адамдарға апардым. Бұл ұрық барлық өнердің кілті болды; адамдарға барлық жолды ашты. Құдайлар алдындағы менің күнәм міне осы, сол үшін осы аспан астында шынжырға матастым.» («Шынжырланған Прометей», Эсхил).
Авторы: д-р Нурфер Терджан
Титандарды жеңген олимптіктер әлемді өзара бөліседі. Енді адамдармен арадағы келіспеушіліктерді шешудің бір жолын тауып, сол жолдың баламасы жоқ жалғыз жол екенін жариялайтын уақыт келді. Сөйтіп, мәңгілік құдайлар мен өлетін пенделер дереу Мекона қаласына жиналады.
Қоғам – қарым-қатынастар желісі, әр дәуірдің үстем қатынас түрі сол қоғамның құрылымын айқындайды. Адамның әлеуметтену үдерісінде үстем қатынас түрлеріне сай көрсетілетін ұстанымдар мен мінез-құлық уақыт өте келе тұрақты сипат алады, жеке адам мен қоғамның дүниетанымы мен өмір салтын өзгертеді.
Мифологиядан Ағартушылыққа, Ағартушылықтан бүгінге дейінгі кезеңде білім – Прометейдің құдайлардан «ұрлаған», Бэконның «күш» деп сипаттаған құралы. Прометей аңызы арқылы баяндалатын білімнің/оттың күреспен және рұқсатсыз алынуы немесе «ұрлануы» туралы әңгіме білімнің бүгінгі прагматикалық күйін бейнелей ме, әлде Прометей Білімнің шынжырланбайтын ЕРКІН негізгі Күш екенін меңзегісі келе ме? Прометей білімді ұрлады ма, әлде азат болып, басқаларды азат етіп, оның шексіз екенін дәлелдегісі келді ме?
Нағыз Ақпараттық қоғам бола алғанымызға қуанып жүргенде, ПАНДОРА жәшігі ашылды, құмыра су жолында сынды, бұл еркіндік ұзаққа созылмады. Өйткені білімге үзілмейтін шынжыр салды, осылайша соңы белгісіз симулятивті-кибер қоғам үдерісін бастап жіберді!
Тегістеушілер әлемнің кез келген нүктесінен желі арқылы ақпарат орталықтарына қосылуды, жаһандық деңгейде білімге қол жеткізуді және біліммен бөлісуді мүмкін етті, бірақ үзілмейтін тізбектің заңдарымен!
Француз тілінде Хаос (chaos) – абсолютті ретсіздік күйі, грек тілінде – ұлы бостық, ашықтық, құз… Хаос теориясының негізін қалаушы Лоренц (1963) бойынша хаос – кездейсоқ әрекет ететін, дұрыс құрылымды тәртіп. Хаос ұғымы Лоренц 1960 жылы ауа райы болжамының нәтижелерін зерттеп отырып, бастапқы деректердегі өзгерістің елеулі нәтижелер туғызатынын анықтаған кезде пайда болады. Бұл – хаостық жүйелерді сипаттайтын, яғни өмірімізді құбылтып, бір қалыптан екінші қалыпқа салатын, жерден-жерге соғып, түстер палитрасынан түс ұнатпайтын жаңалық. Лоренц өз жаңалығын хаостық жүйелерде өзгерістің белгілі бір шекараларда болатынын және өзгеріс қозғалыстарын алдын ала анықтау мүмкін еместігін тұжырымдай отырып дамытады. Ол хаостық жүйелерде өзгерістерді өзіне тартатын ықтималдық ошақтарын түсіндіруді де назардан тыс қалдырмайды. Бұл ошақтар хаостық аттракторлар деп аталады. Оларды тағы да таңғажайып аттракторлар деп атайды және графиктік түрде де бейнеленеді. Бұл аттракторлардың ең әйгілісі әрі бізге ең таныстысы – көбелек пішінді Лоренц аттракторы.
Өмірімізге бетперде кигізген, «үйлеріңізге тығылыңыз» пандемиясының алғашқы кезеңінде, әсіресе Қытайда өндірістің едәуір тоқтауымен бірге денсаулық сақтау саласының жаһандық жеткізу тізбегі үзілді. Тегіс Әлемнің бір-біріне кірігіп кеткен жеткізу тізбектері шекаралардың жабылуымен буындарынан ажырап, жұқарған жерінен үзілді. Үзілген тек тізбек емес еді, бұл тез арада жұмыссыздыққа ұласқан жұмыс күшінің, азық-түлікпен бірге тыныстың өмірден ажырауы еді.
Көбелек пішінді Лоренц кейпіне еніп, сыя алмай жүрген үйлерімізге сыналап кірген 19-шы Ковид вакциналарынан бөлек, технологиялық клиникалық зерттеулерде білімнің ең қымбат қазына екенін үйретті. Оған дейінгі уақыт – ақшаны ақша демей, Доллар алдында бас иген, білімді аяусыз шашып, оның қадірін білмеген, енді қадірін түсініп, таба алмай жүрген кезеңдер еді.
Өнеркәсіп өнім коммерцияланғанға дейінгі клиникалық сынақтар, жеткізу тізбегін бақылау, өнімді растау және сапаны бақылау сияқты кезеңдерде қауіпсіз дерекқорға мұқтаж. Қауіпсіз дерекқорға да жедел өсіп жатқан деректер әлемінде ҮЗІЛМЕЙТІН бір ТІЗБЕК қажет. Деректерді жоғалту мен манипуляцияға жол бермейтіндей етіп тіркейтін, үлестірілген әрі орталықсыздандырылған цифрлық операциялар кітабы – блокчейн технологиясы енді біздің жаңа өмір салтымыз. Қалай өмір сүретінімізді әлі білмесек те…!
Миллиондаған машинада қайталанып, күндіз-түні сол машиналарда сақталатын ұзын деректер жазбасын елестетіңіз. Бұрынғыдай емес Қалыпты өміріміздің жаңа түрі; оны 2008 жылдың соңында Сатоси Накамото есімімен бір адам немесе топ құрғаны белгілі. Тағы бір сыбыс бойынша, Накамото сөзі Азияның төрт технологиялық алыбының бас әріптерінен құралған деседі. Жаңа жүйеде енді қанша ақшаңыз бар екенін білу немесе қалаған адамыңызға ақша жіберу үшін банкке сенім артудың қажеті жоқ. Blockchain бұл операцияларды бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен, арзан әрі дәл жүзеге асыруды уәде етеді. Бұл жаңа тіркеу және, ең бастысы, растау жүйесінде білімнің қаржылық қызметтер саласындағы аса кең ауқымды ықпалының таптырмас екенін өз басымыздан өткеріп барып үйренетін боламыз.
Әлі өзіміз білмейтін, шынжырға матастырылған қалыпты өмірімізге бірнеше жылдан кейін бұрылып қарағанда, ҮЗІЛМЕЙТІН ТІЗБЕК технологиясының деректер революциясы екеніне деген сенімнің жаңа ғибадатханасынан өзімізді табатын боламыз!
Әке, Ұл және Киелі Рух – КОД : Блокчейнге негізделген қызметтерде бағдарламалау қабілетінің маңызы барған сайын арта береді. Дауларда әрдайым КОДтау жеңіске жетеді және ол ешқандай жеке шешім қабылдау рәсімін қоспастан ҮЗІЛМЕЙТІН ТІЗБЕКтің ішіне орналастырылады.
Өзгермейтіндік: Everledger – гауһар саудасы саласында қолданылатын алаяқтықты анықтау жүйесінің атауы. Есеп кітабына орынды келісімшарттар қосу арқылы өнімнің шығу тегі мен тарихына кепілдік беруге, алаяқтық пен заңсыз сауданың алдын алуға болады. Есеп берушіліктің мұндай деңгейі қызметкерлерге компанияны ол жасауға тырысатын имиджі бойынша емес, сол қалпында көруге мүмкіндік береді. Болашақтың іскерлік ортасында жаңа таланттарды тарту үшін компаниялардың беделі бұрынғыдан да маңызды құралға айналады.
Ашық жұмыс қағидаты: Қазірдің өзінде бірнеше түрлі салада жұмыс жүргізіп отырған Project Provenance Ltd блокчейн технологиясын пайдалана отырып, кофе дәнінен матаға дейінгі кез келген өнімнің шығу тегіне кепілдік беру үшін кез келген адам қолдана алатын жүйе жасады. Блокчейн шешімдерінде қолданылатын ашықтықтың бұл деңгейі компаниялардың бұдан былай өз жұмысында есеп берушіліктің белгілі бір деңгейін ұстануы қажет екенін де білдіреді.
Өздігінен күшіне енетін келісімшарттар: 2017 жылы құрылған EOS – операциялық жүйе. Мұнда алдын ала белгіленген ережелер бойынша жұмыс істейтін смарт-келісімшарттар арқылы түрлі қосымшаларды іске қосуға болады. Болашақта бағдарлама әзірлеушілер бұл операциялық жүйені пайдалану мәселесінде заңгерлерге қысым жасауы мүмкін. Өйткені деректерге негізделген келісімшарттар адамнан гөрі алгоритмдерге көбірек сене бастайды.
Басынан аяғына дейін өз нәпақаңды табу: Steemit – блокчейн технологиясы арқылы әзірленген әлеуметтік желі. Бұл желіде контент жасаушылар атқарған жұмыстары үшін «жетон» табады. Компаниялардың жетон құрылымымен жұмыс істеуі құндылық жасаушылардың табысын айқындайды, бұл адамдардың басынан аяғына дейін өз қолындағы ортада, ешбір компанияға тәуелді болмай-ақ өз күнін көре алатынын білдіреді.
Үйге сыйғызылған өмірдің «Икемді экономиканың өрлеп келе жатқан күші»: Смарт-келісімшарттардың «дереу төле» революциясын жеңілдетуі фрилансерлердің тек тұтынушы сұранысы бар сағаттарда ғана жұмыс істеуін қамтамасыз ететін «икемді экономика» жүйесінің нығаюына да көмектеседі. Таңертең оянғанда смарт-келісімшарттың көмегімен өз қабілетіңе қарай сол күнгі жұмыс тәртібіңді қадағалай алсаң, неге бір ғана жұмыс берушіге байланып қаласың? Қысқа мерзімді келісімшарттар мен фриланс қызметкерлерден тұратын экономика соңғы 10 жылда бүкіл әлемде өсті. (Л. Кац пен А. Крюгердің 2016 жылғы зерттеуіне сәйкес) Тек АҚШ-тың өзінде 50 пайыздық өсім көрсетті. Икемді экономика жүйесіне кірудің негізгі уәждері ретінде икемді жұмыс істей алу және жұмыс пен өмір арасындағы теңгерімді оңайырақ сақтау алға шығады.
Комиссиялық жүйені кәсіпке айналдырғандардың соңы : Бір қызметтің жазбалары ашық әрі қауіпсіз түрде жүргізілетін болғанда, делдалдар өз құндылығын көрсету үшін барған сайын көбірек еңбектенуіне тура келеді. Блокчейн кең таралған әлемде делдалдар ақпарат расталатын әрі сенім артылатын, жүгінуге тиіс тұлға ретіндегі мәнін жоғалта бастайды. Өйткені тікелей байланыс қазіргі интернеттегідей қауіпті болмайды.
Механикаланған ақиқаттар: Дәстүрлі билік көздеріне деген сенім азайған қоғамда коммерциялық адалдық пен сенім орнату үшін жаңа жолдарға жиірек жүгінетін болды. Блокчейн технологиясының арқасында ақиқат анағұрлым нақты әрі механикалық болатын болашақ мүмкін болады. Компаниялар, қызметкерлер және тұтынушылар арасында жаңа қарым-қатынастар қалыптасуы мүмкін.
Олқылықты жабу: Құндылық өндірушілер мен сол құндылықты пайдаланушылар арасында кедергісіз қатынас орнататын, соған күш салатын жаңа корпоративтік құрылымдар пайда болады. Адамдар өз-өзіне қожайын бола алады деген сүйінші хабар! Uber көлігінің әрі иесі, әрі жүргізушісі сияқты…
Көбелек қанаттарының арасындағы Хаос теориясының желі «Криптовалюталарды пайдалану» : Хаостық жүйелер сызықты емес, бастапқы шарттарға сезімтал, өлшемсіз, таңғажайып аттракторларға ие және әмбебап. Соңғы кезде танымалдылығы артқан әрі ең көне криптовалюта – Bitcoin! Әлгі Бетпердеші Илонның «ақшаны ақша деп жүрмеңдер, келіңдер, инвестицияларыңды «Биткойнға» салыңдар, Марстан тұт бағы тегін» деген қызыл «диджиі». Ашық код ретінде нарыққа шығарылған әрі блоктар тізбегі технологиясына негізделген алғашқы криптовалюта.
Криптовалюталардың артықшылығы – олардың орталықсыздандырылған құрылым болуы және орталық банкке мұқтаж болмауы. Осының арқасында операциялық шығындар әлдеқайда аз болады. Криптовалюталар криптографияға (шифрлау ғылымына) негізделген. Криптология – ақшаны жасауда және жүргізілген операциялардың сенімділігін қамтамасыз етуде қолданылатын, криптолау (шифрлау) технологиясын пайдаланатын цифрлық немесе виртуалды түрде анықталған ақша. Қауіпсіздік өлшемшарттарына байланысты криптовалютаның шифрын ашу мүмкін емес, сондықтан ол өте қауіпсіз деп айтылады. Үзілмейтін тізбек шифрланған операцияларды қадағалауды қамтамасыз ететін үлестірілген дерекқор ретінде анықталады.
Әй, Прометей! Білесің бе, адам енді ақиқатты бейнелеуді жүзеге асыру ниетінен бас тартты, ақиқат мүлде жоқ Цифрлық әлемде жобалана алатын актер болуды біреуіміз таңдадық, біреуіміз шынжырдамыз. Диджи әлемінің соңғы жарқын баласы – AI! Электрондық үкімет берген Диджи жеке куәлігінде ресми түрде жасанды интеллект деген атауды иеленгенімен, біз өзара оны әзірге Виртуалды Интеллект деп атаймыз. Енді өміріміздің барлық шешімін «BIG DATA» қабылдап, бізге хабарлайды. Күнделікті тұтынатын электр қуатымыз, байланыс уақытымыз және қолданатын тіліміз, әріптерге дейін – оның қолында. Күн сайын ішетін суымыз бен алатын азық-түлік түрінің мөлшері өзгеріп отырады, өмір салтымыз BiG Data KoD қолданбасына тапсырылған…
«Міне, саған жылтыр да домалақ сөздердің бір қапы! Құдайдың құлы деген осылай сөйлеуі керек. Сендер, жаңалар, жаңа билік орнаттыңдар, Қамалдарыңа қайғы кірмейді деп ойлайсыңдар; Бірақ мен сол қамалдан қуылған, есіктен шығарылған екі патшаны көрдім, Ал үшіншісі – бүгінгі әлемнің қожасы, Оның да ең үлкен масқарамен қуылғанын Мына көздерім көреді.»
Аспан тағы бір күркіреп, жартастар құлайды. Прометей Океанның қыздарымен бірге көзден ғайып болады.
Кілт сөздер: Лоренц Blockchain ПАНДОРА