Басты бет

CISACADEMIA

Қазақстанда «Ыстамбұл кеші» іс-шарасы

АСТАНА (AA) – Қазақстанның астанасы Астанада түрік ас мәдениеті таныстырылған «Ыстамбұл кеші» іс-шарасы өтті. Бір түрік қонақүй басшысы мен Қазақстандағы Дипломаттар клубы ұйымдастырған іс-шараға…

АСТАНА (AA) – Қазақстанның астанасы Астанада түрік ас мәдениеті таныстырылған «Ыстамбұл кеші» іс-шарасы өтті.

Бір түрік қонақүй басшысы мен Қазақстандағы Дипломаттар клубы ұйымдастырған іс-шараға шет мемлекеттердің елшілері мен көптеген шақырылған қонақтар қатысты.

Іс-шарада дөнер, пиде, сарма және басқа да негізгі тағамдармен қатар салаттар мен тәттілер ұсынылып, түрік әуендері орындалды.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Тансел Терджан AA тілшісіне берген түсініктемесінде іс-шара айына екі рет өткізілетінін айтып: «Ыстамбұл кеші енді біздің бір болмысымызға айналады. Түрік асханасының теңдессіз тағамдарынан құралған тұжырымдамада қызметіміз жалғаса береді», — деді.

Түркиядан шақырылған аспазшылар тағамдарды жергілікті өнімдерді пайдалана отырып, түрік рецептілерімен әзірлейтінін атап өткен Терджан: «Сусын, ас және ойын-сауық мәдениеті бір арнада тоғысқан», — деді.

Терджан жергілікті музыканттардың қолдауымен, түріктің дәстүрлі киімдері мен безендірулері арқылы Ыстамбұлдың атмосферасын жаңғыртуға тырысқандарын атап өтті.

Қазақстан мен Түркияның мәдени тұрғыдан бір-бірімен етене араласып өмір сүретін халықтар екенін атап көрсеткен Терджан: «Бүгінде түрік асханасының дәмі мен тағамдары әлемде бренд деңгейіне көтеріліп келеді; оны барша жұрт жеп, ұнатады, мақтап айтады, дәмімен бөлісіп, жақсы көреді. Сондықтан біз осындай тұжырымдаманы жасауды жөн көрдік», — деді.

hukukihaber.net