21 қыркүйекте «Rixos President Astana» қонақүйінде «Туризм» кафедрасы 5B090200 – «Туризм» мамандығы студенттерінің 2017 – 2018 оқу жылындағы жазғы тәжірибесінің қорытындылары бойынша есептік жиын өткізді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2008 жылдан бері «Fine Otel Turizm İşletmecilik» АҚ филиалымен (Rixos President Astana) ынтымақтасып келеді. Екіжақты өзара ынтымақтастықтың жалғасы ретінде «Туризм» мамандығының 1, 2 және 3-курс студенттері өткен оқу және өндірістік тәжірибесі бойынша есептік конференция өтті.

Қорытынды есеп аясында баяндамалар мен таныстырылымдар дайындалып, қорғалды. Атап айтқанда, 1-курс Зеренді ауылындағы «Тұмар» оқу-сауықтыру орталығында өткен оқу-жаттығу жорығын қорғады; 2-курс студенттері өндірістік тәжірибені 5 жұлдызды «Hilton Astana», «Rixos President Astana», «Marriott Astana», «St. Regis» қонақүйлерінде, «Kazunion» туроператорында және “АЛЖИР” мұражайында өтіп, өндірістік тәжірибеде жинаған тәжірибесі туралы таныстырылымдарын сәтті қорғады. Ал 3-курстар Омбы қаласындағы халықаралық тәжірибе мен Алматы қаласындағы оқу тәжірибесі туралы баяндамаларын сәтті қорғады.
Сонымен қатар биыл тәжірибенің барлық түрі бойынша фотокөрме ұйымдастырылып, ерекше қызығушылық тудырды.
Конференцияға Экономика факультетінің оқу ісі жөніндегі деканның орынбасары С.К. Тажикенова, «Туризм» кафедрасының меңгерушісі А.А. Дүйсембаев, кафедраның тәжірибе жөніндегі жауаптысы Б.Ж. Шарапаева, профессор-оқытушылар құрамы мен 1-курс студенттері, «Мансап және іскерлік серіктестік» бөлімінің тәжірибе секторының жауаптысы У.К. Килибаева мен бас маман Кабира Маусымбаева, сондай-ақ «Rixos President Astana» қонақүйінің бас менеджері Тансел Терджан мырза және басқа да бөлім басшылары қатысты.
Конференцияның соңында «Туризм» кафедрасының меңгерушісі А.А. Дүйсембаев «Туризм» кафедрасы ұжымының атынан конференцияны ұйымдастыруға белсене атсалысқаны үшін «Rixos President Astana» қонақүйінің басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс айтып, студенттерге табыс тіледі.
Дереккөз: ef.enu.kz
Орыс тіліндегі түпнұсқадан аударылды.


