Rixos Premium Belek Анталья облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Акдениз университетінің Тамақ инженериясы кафедрасы, ATSO және Анталья үлкен қалалық муниципалитетінің өкілдері тарапынан “Ақ туға” лайық деп танылды.

Азық-түлік қауіпсіздігі өлшемдерінің барлығына сәйкестігі ресми расталған Rixos Premium Belek осы тексерулердің нәтижесінде Анталья облысы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі іс-қимыл кеңесінің 2011 жылғы 29 қыркүйекте өткен отырысында «Ақ ту» сыйлығына лайық деп танылды.
Rixos Premium Belek қонақ үйінің бас менеджері Тансел Терджан: “Азық-түлік қауіпсіздігінде ең жоғары стандарттарға қол жеткізу үшін еңбек еттік; басқа құрылымдық салалардағыдай, тағам қауіпсіздігі мен гигиенасында да ешқашан ымыраға бармадық. Ол үшін қажетті инфрақұрылымдық жұмыстармен қатар қызметкерлерді оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз етіп, осы сыйлықты алдық. Командаммен мақтанамын”, – деді.
«Ақ ту» дегеніміз не?
«Ақ ту» жобасы техникалық және гигиеналық тұрғыдан азық-түлік заңнамасында белгіленген ең төменгі талаптардан жоғары деңгейде ерекше күш-жігер танытқан азық-түлік кәсіпорындарын сертификаттап марапаттауды, бұл туралы жұртшылыққа хабарлауды және сол арқылы саладағы басқа кәсіпорындарды да жақсырақ жағдай жасауға ынталандыруды көздейді. «Ақ ту» жобасы аясында тексеру тобы өтінім берген кәсіпорындарда азық-түлік қауіпсіздігінің жоғары деңгейдегі жағдайлары бар-жоғын зерделейді; әр сала өз бағыты бойынша бағаланып, қорытынды шығарылады.
