Rixos Grand Ankara қонақүйінің бас директоры Тансел Терджан: «Түркиядағы қалалық қонақүй ісінде меженің деңгейін көтердік деп ойлаймын», – деді.
АНКАРА – Rixos Grand Ankara қонақүйінің бас директоры Тансел Терджан соңғы 3 айда қонақүйлерінің Анкарада үлкен сұранысқа ие болғанын айтып, «Түркиядағы қалалық қонақүй ісінде меженің деңгейін көтердік деп ойлаймын», – деді.
Анкараның ең көне қонақүйлерінің бірі – Büyük Ankara қонақүйін сатып алып, Rixos қонақүйлер желісінің құрамында жұмысын бастаған Rixos Grand Ankara қонақүйінің бас директоры Терджан Анкарадағы қызметтің 3-айын қорытындылайтын жиын өткізді. Терджан үш ай ішінде Анкарада үлкен сұранысқа ие болғандарын атап өтіп, былай деді:
«Орналасуы жағынан Чанкая, Эсат және Қызылай аудандарының түйіскен жерінде тұрған Rixos Grand Ankara ТҰМЖ (Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысы), министрліктер, елшіліктер және Бас штаб ғимараттарына жақын болғандықтан, айтарлықтай орталық орынға ие. Осының арқасында ашылғанына небәрі 3 ай ғана өткеніне қарамастан, Rixos өзінің құрылу мақсатына сай іскерлік және саяси әлем үшін маңызды келісімдер мен кездесулер өтетін орталыққа айналды. Nabucco, Көлік министрлігінің 3G жиыны және Түркияда алғаш рет өткен Maserati Porsche өнімдерінің таныстырылымы сияқты ұлттық және халықаралық іс-шараларды қабылдай отырып, Түркиядағы қалалық қонақүй ісінде меженің деңгейін көтердік деп ойлаймын. Конья, Астана және Анкарадан кейін алдағы айларда Алматыда ашылатын нысанымызбен Rixos Hotels қалалық қонақүй ісінде одан да зор беделге ие болады».
-ҚОНАҚҮЙДІҢ АСПАЛЫ ШАМДАРЫ АРНАЙЫ ЖОБАЛАНДЫ-
Терджанның берген мәліметіне қарағанда, Rixos Grand Ankara-ның тек жарықтандыру жүйесіне жұмсалған қаражат көптеген қонақүйлерді жөндеуге немесе қалпына келтіруге жұмсалатын қаржымен пара-пар. Қонақүйдің фойесіне орнатылған 28 метрлік аспалы шамда 72 мың кристал шар бар. Түркияда жасалған бұл шам қазіргі таңда Түркиядағы қонақүйлерде қолданылатын ең үлкен аспалы шам атағына ие. Rixos Grand Ankara-ның құрылысында сондай-ақ 5 миллион 820 мың кристал, 480 мың LED шам, 1 миллион 200 мың метр электр кабелі, 640 мың қап цемент пайдаланылды.
Rixos Grand Ankara когенерация әдісімен өзіне қажетті электр қуатын өзі өндіріп, Түркияда Киото стандарттарымен жұмыс істейтін қонақүйлердің алдыңғы қатарында тұр. Осы тұрғыдан Анкарадағы жалғыз «жасыл» қонақүй болып табылатын Rixos Grand Ankara артық энергияны жинақтап, оны қайтадан жүйеге қоса алады.
Rixos Grand-тың 3 айлық, 6 айлық және 1 жылдық Fitness&SPA мүшелік пакеттерінің иелері нысанның жүзу бассейні мен Түрік моншасын тегін пайдалана алады. Қонақүйде тәулік бойы қызмет көрсететін Lobby Bar да бар.
-МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАЙТЫН АРНАЙЫ ЛЮКС НӨМІРЛЕР-
Rixos Grand Ankara Анкараға келген мәртебелі мемлекет қайраткерлерін қабылдауға да атсалысады. Мемлекет басшыларын қабылдауға арналған қонақүйде Президенттік люкс және арнайы люкс нөмірлер бар. Маңызды іс-шараларды өткізуге арналған бір салтанатты залы мен бір көрме залы бар Rixos Grand Ankara 2 конференц-залы және 9 мәжіліс бөлмесімен Анкарадағы маңызды іс-шараларды қабылдайды.
