Басты бет

CISACADEMIA

Rixos Grand Ankara қонақүйінің тұсаукесері өтті

Қонақүйде корольдік люкс, сюиттер мен стандартты нөмірлерді қоса алғанда 215 нөмір және 430 төсек-орын бар

АНКАРА – Елордада мамыр айында ашылған Rixos Grand Ankara қонақүйі жұртшылыққа таныстырылды.

Rixos Grand Ankara қонақүйінің бас менеджері Тансел Терджан тұсаукесерге орай берілген ас үстінде қонақүй басшылығы ретінде қызметкерлерді оқытуға үлкен мән беретіндерін айтып, “Біздің мақсатымыз – қызметкерді белгілі бір деңгейге жеткізу арқылы туризмді де белгілі бір деңгейге көтеру” деді.

Ірі іс-шараларды қабылдау олардың миссиясының бір бөлігі екенін атап өткен Терджан, мұны жоғалтқан сәтте табысқа жете алмайтындарын айтты.

Терджан Премьер-министр Режеп Тайип Ердоғанның демалысында Rixos қонақүйлерін таңдайтыны еске салынғанда: “Адам өзіне жайлы жерге барады. Бізде саяси тұрғыдан ешқандай бөлу жоқ. ‘Тек белгілі бір адамдарға ерекше қызмет көрсетейік’ деген көзқарасымыз жоқ” деді.

Çelikler Yatırım Holding A.Ş компаниясы бұрынғы Büyük Ankara қонақүйін 150 миллион долларға жаңғырту арқылы салған Rixos Grand Ankara қонақүйін мамыр айында Премьер-министр Режеп Тайип Ердоған ашқан болатын.

Корольдік люкс, сюиттер мен стандартты нөмірлерді қоса алғанда 215 нөмір мен 430 төсек-орын, 4 бал және конференция залы орналасқан қонақүйде 2 терраса бар.

Мемлекет басшыларын қабылдауға арналған президенттік сюит пен арнайы сюиттері бар қонақүйде 2 конференция залы мен 9 кездесу бөлмесі де қызмет көрсетеді.

dunya.com