DOI:
https://doi.org/10.47059/ml.v20iS6.4214
ТҮЙІНДЕМЕ
Биофилияны адамдардың тәндік және рухани саулығы мен өмірге қанағаттануы үшін табиғатқа деген тұқым қуалайтын қажеттілігі, демек, табиғатқа оралу және онымен тұтасу ұмтылысы ретінде анықтауға болады. Бұл жобалау тәсілін кеңістікке көшіретін табиғи материалдар, ғимараттың орынды орналасуы, баспананың желдетілуі және тірі материалдарды пайдалану сияқты негізгі қағидаттар бар. Бұл зерттеу тіршілік ортасын жобалаудың адамдарға тигізетін әсерін зерделеуден бастау алып, биофильдік жобалардың тірі ағзалардың тәндік және рухани саулығына оң ықпалын көрсету мақсатында жүргізілді. Тірі ағзалардың, әсіресе адамдардың табиғи ортамен түйсік арқылы байланыс орнатуға ұмтылатынын дәлелдейтін зерттеулерге сүйене отырып, биофильдік жобалау қағидаттарына деген қажеттілік айқындалып, бұл жобалардың кеңістіктер мен адамдарға әсері көрсетілді. Тұратын, ұйықтайтын, жұмыс істейтін және демалатын кеңістіктерді адам өміріне шабыт беретін, оны жандандырып, байытатын кеңістіктерге айналдыру үшін биофилия қағидаттарын қалай пайдалану керектігі жөнінде бағыт-бағдар беретін мақала сонымен қатар биофильдік жобалаудың қолданылу және бағалану өлшемдеріне де назар аударады.
https://migrationletters.com/index.php/ml/article/view/4214
Ағылшын тіліндегі түпнұсқасынан аударылған.
