Басты бет

CISACADEMIA

Барлығы «ақшаның» соңында

Толқын-толқын өзгерістерден басымыз айналған мына күндерде Facebook әлі күнге дейін нақтылай алмай келе жатқан Libra криптовалютасының да басы әбден айналған болуы керек, атын өзгерткісі келіпті.

Facebook-тың Libra жобасының артында тұрған есімдердің бірі – Diem Association-ның бас директоры Стюарт Леви бұл атау өзгерісі қарапайым әрі жаңартылған құрылымды айшықтайтынын айтыпты. Латын тілінде «күн» дегенді білдіретін Diem долларға негізделген болмақ. Осы жерге дейін бәрі түсінікті.

Diem қауымдастығы – орталығы Швейцарияның Женева қаласында орналасқан тәуелсіз мүшелік ұйым.

Криптовалюталар соңғы жылдары құнының өсуімен бірге COVID-19-дың цифрлық әлемінде жиі талқыланатын тақырыпқа айналды. Белгілі, бүгінде әркім қалтасындағы ақшадан да қорқатын болды! Бұрын «берекесі болсын» деп тілек айтылатын ақша енді коронавирус қорқынышына бой алдырды. Бүгінгі күннің төрінде тұрған Bitcoin-мен қатар Ripple, Ethereum, Litecoin сияқты цифрлық валюталарды миллиондаған адам инвестиция мақсатында сатып алуда. Криптовалюталардың өрлеу себебі – әрине, тегіс әлемнің қожайындары болып табылатын GREAT GLOBAL компанияларының бағыттауы.

Кейбір компаниялар өздерінің криптовалюталарын әзірлеп, таныстырылымдарын бар жарқылымен сахналап жатқанда, бұған дейін Facebook пен Telegram-ның өз криптовалюталарына қатысты бастамалары ұзақ уақыт бойы басты тақырып болып қала алған еді. Күніміздің ең қымбат сағаттарын арнайтын осы екі компанияның жарқын бастамаларынан кейін ресми мекемелер де бұл екі компанияға жақындық танытудан өздерін тыя алмады. Әлеуметтік желі алыбы Facebook Libra атты криптовалютасын өткен кезеңде жариялап, 2020 жылдың басты тақырыптарынан да шет қалмаған еді.

Libra-ның Facebook қолтаңбасымен шыққан жоба болуы мемлекеттердің қаржы жүйелері тарапынан наразылықпен қабылданған еді. Тіпті кейбір серіктестер кейіннен Libra серіктестігінен шығатындарын мәлімдеген болатын. Алайда Facebook-тың криптовалюта жобасынан бас тартуға ниеті жоқ екенін де білетінбіз. 3 күн бұрын болмысымыздың  айнасы болып табылатын бұл әлеуметтік желі алыбы жолын басқа атаумен жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Diem-нің қамту аясы Libra-ның алғашқы айларымен салыстырғанда әлдеқайда шектеулі болатыны айтылуда. Бұған дейін бұл бастама төңірегінде туындаған пікірталастар мен Facebook-тың бас директоры Марк Цукербергтің сенім ұялатпаған мәлімдемелері ортаның Libra-ға сақтықпен қарауына себеп болған еді. Әлеуметтік желі алыбы Diem жобасын төменірек үмітпен әрі шағын ауқымда жүзеге асырады деп күтілуде.

Diem алдағы айларда АҚШ долларымен қамтамасыз етілген криптовалюта ретінде нарыққа шығарылуы мүмкін. Libra болса, бұдан өзгеше, әлдеқайда көп валютаға байланған және айырбасталатын етіп әзірленген еді.

Diem Association-ның бас директоры Стюарт Леви бұл тақырыптағы мәлімдемесінде: «Diem жобасы финтех инновацияларының жеделдеуі үшін қарапайым платформа ұсынады. Тұтынушылар да, кәсіпорындар да жылдам әрі қауіпсіз төлем операцияларын жүргізе алатын болады», – деді. Жобаның атауын неге өзгерткендерін де түсіндірген Леви жобаның бұрынғы нұсқасының ортада басқаша қабылданғанын себеп ретінде келтірді. Сондықтан түбегейлі шешім қабылдауға мәжбүр болғандарын айтты. Левидің айтуынша, Diem атауын алуларының тағы бір себебі – олардың дербес ұйымға айнала бастауы. Шешімдерін өз бетінше әлдеқайда жылдам қабылдай алатындарын көреміз деп күтетінін айтқан Леви бұл ұйымдарды басқаратын адамдардың да өз ісінің шебері болғанын қалайтындарын жеткізіпті.

Жаңа атауы Diem болатын криптовалюта онлайн және офлайн платформаларда қолдануға болатындай етіп жобаланғаны айтылуда. Әлеуметтік желі алыбы бұған дейін Libra-мен бірге Calibra цифрлық әмиянының да атауын өзгерту туралы шешім қабылдаған болатын. Компания ол кезде Calibra-ның атауын Novi деп өзгерткен еді. Блокчейн технологиясында Diem желісі кез келген адам оның үстіне құрылыс сала алатын және миллиардтаған адам сене алатындай етіп жобаланған қауіпсіз, масштабталатын және сенімді блокчейнге негізделгенін алға тартатын DIEM негізін қалаушыларына: «Атауында да үнемі тұрақсыздық танытатын, біз мүлде қол тигізбейтін бұл ақшаға деген сенім мәселеңіз үлкен болмай ма?» – деп сұрағымыз келеді DIEM-ге.

DIEM атауын естігенде жалпы алғанда ойымызға бірінші болып «CARPE DIEM» оралды. Алайда сонымен бір мезгілде DIEM25-тің шамдары да санамызда жыпылықтай бастағанда, «жақсылыққа болғай» дедік.

DiEM25 деген не, олар кімдер, мақсаттары қандай? Сондай-ақ оның валютаның тәуелді болып отырған Швейцариядағы қауымдастыққа қандай да бір қатысы бар ма? Олардың арасында байланыс бар-жоғы туралы әзірге нақты расталған құжатқа ие болмасақ та, екеуінің ақпараттық қозғалысының ортақ тұстары едәуір көп сияқты…

DIEM 25 – Еуропалық Одақ түбегейлі түрде өзгерген жағдайда ғана сақталып қалады деген тұжырымға негізделіп біріккен жалпыеуропалық демократиялық қозғалыс.

Бұл – байлар мен ықпалдыларға қызмет ететін қазіргі құрылымды барша еуропалықтарды тең азаматтар ретінде қорғайтын, олардың әл-ауқаты мен бақытын қамтамасыз етуге арналған Конституцияға негізделіп жұмыс істейтін тәуелсіз парламент басшылығындағы барлық еуропалық елдердің одағымен алмастыруды мақсат еткен құрылым. Мұны жүзеге асыру үшін жолдарында кім кездессе де ешқашан бас тартпайтынына және адал болатынына мейлінше сенімді топ.

DIEM25 былай дейді: «Билік басындағылардың жауабы бізді осы былыққа сүйреген саясатты одан әрі нығайту болды. Шекаралар жабылуда, ынтымақ жойылуда, мүше елдер кетіп жатыр немесе тікелей фашистік сипат алуда. Ұлы дағдарыс кезеңдері сонымен бірге ұлы мүмкіндіктердің де уақыты. Сондықтан біз ЕО-ны өз қолымызға алу үшін бас қостық. Еуропалық жобадан бас тартып, жеке ұлттарға оралу – балама емес. Экологиялық, экономикалық және коронавирустық дағдарыстар бұрыннан білетінімізді дәлелдеді: азшылық үшін емес, көпшілік үшін нақты шешімдер шекаралардан тыс күш біріктіргенде ғана келе алады».

DiEM25-тің миссиясы болса: «Еуропаның барлық түкпірінде пікірлес азаматтарды біріктіруге және ЕО-ны өзінен құтқаруға жеткілікті күш жасауға бағытталған үйлестірілген күш-жігер. ЕО не бірігеді, не жойылады. Тым кеш болмай тұрып жедел әрекет етуіміз керек: сондықтан да біз Еуропадағы Демократия қозғалысы 2025-піз (DiEM25)».

Саясаттары: «DiEM25-тің шынайы демократиялық Еуропаға апаратын жолын қалайтын сегіз тірегі бар: Ашықтық, Технология, Экономика, Қоршаған орта, Босқындар мен мигранттар, Мәдениет, Посткапитализм және Еуропалық конституциялық үдеріс. Бұл саясаттар қозғалыс мүшелері, жобамыз тартқан зияткерлік сараптама және жалпы қоғам арасындағы бірегей ынтымақтастық арқылы әзірленеді. Біз бірге болашақ Еуропасына деген пайымымызды қалыптастырып жатырмыз. Біз тек өзгерісті талап етіп қана қоймаймыз: оны сипаттаймыз және ол үшін күресеміз».

«Технологиялық егемендік» тақырыбындағы мақсаттары болса: «DiEM25 Еуропа саяси, әлеуметтік және технологиялық прогресті біріктіріп, барша адамның дамуын технологиялық өзгерістің орталығына қойған жағдайда үміт сәулесі бола алатынына сенеді. Мұның жаһандық ауқымда түрлендіруші әсері болуы мүмкін».

DIEM25 өз ұйымдары туралы қарапайым, бірақ түбегейлі мақсаты бар халықаралық қозғалыс екенін алға тартады, ал мақсаттары – Еуропаны демократияландыру.

Уақытын әзірге біле алмай отырған мына маскаларды көзімізден сыпырып алатын күн қандай күн болар екен?

Түйін сөздер: Bitcoin Facebook Libra