Басты бет

CISACADEMIA

Сенім де жоқ

2021 жылы саяхаттағыңыз келсе, сізге вакцина паспорты қажет болуы мүмкін. “CommonPass” – саяхатқа және өмірге қауіпсіз түрде қайта оралу үшін.

2021 жылдан бәрінің күтетіні, әрине, ең алдымен денсаулық!  Көпшілік 2021 жылды саяхаттай алатын, дүкен аралай алатын және қайтадан кинотеатрға бара алатын күндерді армандап қарсы алды. Алайда бұл істерді атқару үшін алдымен вакцинация жүргізілуі керек екені де әр мүмкіндікте атап көрсетілді.

“Hayat Eve Sığar” (“Өмір үйге сыяды”) қосымшасының пайдалану шарттарымен қатар компаниялар мен басқа да технологиялық топтар өз жұмыс аймақтарында артықшылыққа ие болу үшін Covid-19 тестілері мен вакциналарының мәліметтерін жүктеуге арналған смартфон қосымшаларын немесе жүйелерін әзірлей бастады. Концерт залдарына, стадиондарға, кинотеатрларға, кеңселерге, тіпті елдерге кіру үшін көрсетуге болатын цифрлық сәйкестендіру деректерінің бүкіл инфрақұрылымы дайындалды. Бұл дайындыққа жетекшілік етіп отырған – Женевада орналасқан коммерциялық емес The Commons Project пен Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) бастамасы Common Trust Network. Басқаша айтқанда – Ортақ өту қосымшасы!

Common Trust Network Cathay Pacific, JetBlue, Lufthansa, Swiss Airlines, United Airlines және Virgin Atlantic сияқты көптеген әуе компанияларымен қатар жүздеген денсаулық сақтау жүйелерімен серіктестік орнатты. Ұлыбритания, Аруба үкіметімен бірге АҚШ та бұл ұйымның алғашқы серіктестерінің бірі. Commons жобасы, Дүниежүзілік экономикалық форум және мемлекеттік әрі жеке серіктестердің кең коалициясы – адамдардың COVID-19 мәртебесін (денсаулық декларациялары / PCR тестілері / вакциналар) құжаттауына арналған сенімді, жаһандық деңгейде өзара үйлесімді платформа.

Топ жасаған Common Pass қосымшасына пайдаланушылардың Covid-19 тестінің нәтижесі сияқты медициналық деректерімен бірге ауруханада немесе медицина маманы жасаған вакцинацияның дәлелі ретінде есептелетін денсаулық сертификаты QR код түрінде смартфондағы CommanPass қосымшасына жүктелетін болады. Қосымша адамға тиесілі барлық жеке құпия ақпаратты жария етпей, оны уәкілетті тұлғаларға көрсетуге болатындай етіп пайдаланылады. Қысқасы, бұл қосымша саяхатымызға қатысты ақпаратты сапар бағдарламаңызға сәйкес жөнелу және бару нүктелеріндегі денсаулық картасы ретінде ұсынатын, жаңа пішінге келтірілген өміріміздің смарт құжатына айналады.

The Commons Project-тің маркетинг және коммуникация жөніндегі басшысы Томас Крэмптон алғашқы баспасөз хабарламасында: “Саяхат кезінде белгіленген шекарадан әр өткен сайын PCR тестінің міндеттілігіне тап болуыңыз мүмкін. Шекарадан әр өткен сайын, егер вакцина құжатыңыз болмаса, сапарыңыздың әр нүктесінде вакцина салдыра алмайсыз” деді. Ол жалпы алғанда вакцина дәлеліне мұқтаж екенімізді меңзей отырып, егер вакцина салдырған болсаңыз, қолыңыздағы қағаз вакцина сертификатын цифрлық ортада тексеру талап етілгенде ешқандай кедергіге тап болмау үшін, цифрлық ортада осы денсаулық туралы ақпараттың бәрі вакцина дәлелімен бірге бір қосымшада жинақталуы қажет екенін еске салды.

Ірі технологиялық компаниялар да іске кірісті. IBM компаниялар мен мекемелерге коронавирус тестілерін, дене қызуын тексеруді және вакцинация жазбаларын қоса алғанда, барлық кіреберістерде қажет болатын көрсеткіштерді өз қалауынша баптауға мүмкіндік беретін “Digital Health Pass” атты бағдарламасы арқылы өз қосымшасын әзірледі. Осы көрсеткіштерге сәйкес келетін сәйкестендіру деректері кейін мобильді әмиянда қорғалатын мәліметтер қатарында болады. Ал мобильді әмиян болса – Blockchain аясында жақын арада пайдалануға мәжбүр болатын, жаңа пішінге келтірілген өміріміздің жаңалықтарының бірі.

Пандемияның басында Apple мен Google смартфон саласындағы бәсекелестікті бір жаққа ысырып, пайдаланушыларға Covid-19 жұқтырған адаммен байланыста болғанда хабар беру үшін Bluetooth негізіндегі жүйе әзірледі. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі көптеген ел мен штат үкіметтері де өз қосымшаларын әзірлеп, іске қосты. Міне, бәрімізге таныс, енді “HES” дегізіп жүрген “Hayat Eve Sığar” қосымшасы…

Вакцина паспорттарының мақсаты – оларды барынша көп адамның пайдалануын қамтамасыз ету. Әлем халқының әлі де смартфон пайдаланбайтын немесе оларға қолжетімділігі жоқ үлкен бөлігі бар екенін де, әрине, есепке алған… Covid-19 Credentials Initiative құрамындағы бірнеше компанияны қоса алғанда, дәстүрлі қағаз вакцина сертификаттарымен бақылаудың жүйеден тыс қалуына жол бермеу үшін тезірек шешім тапқан. Онлайн нұсқамен қатар аралық деңгейде қолданыла алатын смарт цифрлық жеке куәлік әзірлеу жұмыстары басталған.

Covid-19 Credentials Initiative-тің тең төрағасы Люси Янг тапқан жедел шешімдері туралы: “Біз үшін маңыздысы – осы цифрлық сәйкестендіру деректерін қалай сақтауға болатыны, оларды тек смартфондар арқылы ғана емес, сонымен бірге тұрақты интернетке қолжетімділігі жоқ және смартфоны жоқ адамдар үшін басқа жолдармен де қалай ұсынуға болатыны; біз осыны зерттеп жатырмыз және шынымен үміт күттіретін жұмыстар атқарып жатқан компаниялар бар.” деп сүйінші хабарды жеткізген.

2021 жыл бүкіл адамзат үшін ДЕНСАУЛЫҚ, БЕЙБІТШІЛІК және ТЫНЫШТЫҚ жылы болсын деген тілекпен…

Кілт сөздер: АҚШ PCR 2021