ЕҰУ-да Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыста Директорлар кеңесінің төрағасы Жақсыбек Құлекеев пен Директорлар кеңесінің мүшелері Марат Башимов, Ерлан Сыдықов, Тансел Терджан және Талғат Дүйсеков университеттің цифрлық қызметтері мен инфрақұрылымы туралы ақпарат алып, Цифрлық экожүйе тұжырымдамасының 2021–2022 жылдары іске асырылуы туралы есепті тыңдады.
Отырысқа қатысушылар алдында сөз сөйлеген Цифрлық даму және қашықтан оқыту департаментінің директоры Гүлмира Бекманова университетте енгізілген, қағазсыз құжат айналымын орнықтыруға, онлайн оқытуды жүзеге асыруға және университет түлектерінің цифрлық шешімдер арқылы жұмысқа орналасуына көмектесуге бағытталған цифрлық қызметтер туралы мәлімет берді.
Директорлар кеңесінің мүшелері университетті цифрландыруға қатысты өзекті мәселелерді қарастырып, басым бағыттарды дамыту жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді. Кездесу соңында Директорлар кеңесінің төрағасы Жақсыбек Құлекеев цифрландыру Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дамуы үшін стратегиялық бағыт екенін атап өтіп, бұл саланы одан әрі дамытуға арналған бірқатар жүйелі қадамдарды айқындады.
https://enu.kz/ru/info/novosti-enu/71481/

Ағылшын тіліндегі түпнұсқадан аударылған.
