«Қайтадан неолит дәуірі!»

Біз жаңа ғана аяқ басқан, өзіне әлі лайықты атау таба алмай жүрген дәуір хикаясының басындамыз. Оны белгісіздік дәуірі, тәуекел дәуірі деп атады — болмады; енді-енді цифрлық-ақпараттық дәуір деп шешім қабылданбақ болып тұрғанда, XVIII ғасыр тарихының бір көрінісі — THE GREAT GAME-нің 2-маусымы THE GREAT RESET экрандарымызға шыға келді! Үмітімізді астрологтарға артып отырғанымызда, олар: «Біз Су құйғыш дәуірінің тек аяқ дыбыстарын ғана естіп тұрмыз, әлі Су құйғыш дәуіріне енген жоқпыз», — деді…
Көп бетперделі тобырдың үш-бес ғасырлық қисық стратегияларының бір ғана ғасырда жүзеге асуы әлемнің ешбір кезеңінде болып көрмеген. Соңғы бір ғасырдың ең қою тұсынан жоспарланған сандарын көбейтіп, болжаған жылдарына бөліп, нысанаға алған өңірлердің балаларының үмітін алып тастағанда шыққан нәтиже — оптикалық иллюзияға бой алдырған ең үлкен нөл!
Иллюзия, басқаша айтқанда елес, сезім мүшелерінің алдануы ретінде белгілі. Бұл — нақты заттың сезім мүшелеріне қалдырған әсерін қате бағалау. Тіпті иллюзия сөзінің өзі адамды алдайды деуге болады. Адамның көзі әлемді екі өлшемді етіп көреді. Ал әлем үш өлшемнен тұрады. Мида қабылдау қалыптасып, ішкі тереңдікті қабылдау дамиды да, осылайша үш өлшемді әлемге бейімделу жүзеге асады. Ал оптикалық иллюзия мидың осы тереңдікті қабылдауы арқылы оны қате нәтижеге жеткізеді.
Қысқасы, көзіңіз миыңызды алдайтын, ақылыңыздан айырылуыңызға кепілдік беретін тәсіл. Бұл жағдайдың ең үлкен, нөлі көп және жалғыз мысалы — 2020 жыл! Міне, көп бетперделілердің соңғы бір ғасырға сыйғызған және бұлыңғыр бір жыл ретінде есте қалуына себеп болған 2020 жылы бір ғана батырмамен іске қосылған үш-бес ғасырлық ең қараңғы жоспарлары… Бұл жоспарлар ақылымыздан айыру және өз қызметін барынша табысты атқару үшін бағдарламаланды, уақыты келгенде бір ғана батырмамен… 2021 жылы және одан кейін адамзатқа артық жүк болады деп есептеген, жойылуына шешім шығарылған жалғыз нысана, шын мәнінде, біздің ақылымыз еді!
Нейрондық тізбектерді неғұрлым көп пайдалансақ, соғұрлым нығая түседі. Адам ағзасында күнделікті қызметтерді атқару үшін қоректік заттар қажет. Тұтынылған тағам ағзада дене белсенділігі мен биологиялық қызметтерге қажетті энергия көзін құрайды. Біз жейтін тағамның құрамында үш негізгі қоректік зат бар. Олар — көмірсулар, ақуыздар және майлар. Макроқоректік заттар деп аталатын осы үш негізгі топқа қоса, микроқоректік заттар болып табылатын дәрумендер мен минералдар да тағаммен бірге ағзаға түсетін басқа құрамдас бөліктер.Нейродаму, яғни танымдық дағдылардың дамуы — қозғалыс жаттығуларының спорттық нәтижені арттыру қажеттілігімен қатар, тілдің дамуы, әлеуметтік өзара әрекеттесу және оқу сияқты жоғары деңгейдегі дағдыларға өтуге мүмкіндік беретін, өмір сүру үшін ең негізгі жүйе.
XXI ғасыр мен одан кейінгі болашақ үшін арнайы жобаланған, оптикалық иллюзияның ең керемет көрінісі — ең үлкен нөлмен жаңа өмір салты!
Фермадан шанышқыға дейінгі Ұлы қайта жүктеу «Біріккен Ұлттар Ұйымының 2021 жылғы азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитінің» жаңа сахнасында біз үшін дайындалып жатыр! Бұл хабар олардың өздері жазған мына сөйлеммен жария етіледі.
«Мұны жазатындар үнемі қастандық теориясымен ойдан құрастырылғанды жазады» деген пікірмен бұл мақаланы оқуға тырысатындар үшін: қараңыз (*)
Ферма мен шанышқы арасындағы байланысқа ұлы қайта жүктеу арқылы нүкте қойылғаны туралы шешім белгісіз 2020 жылдың қарашасында өткен семинарда жарияланыпты. Естігендер естіп, бетпердесінің себебінен үндемепті, ал ести алмағандар 19-шы Ковидтің бағдарламасы себебінен үйде қамалып қалыпты…
Енді ферма мен шанышқының 2021 жылдан кейінгі болашақтағы жаңа әлемі үшін ең терең есептермен жасалып, пішіп берілген жаңа өміріндегі байланысына келейік. Көп бетперделілер бұл семинарда мынадай түсініктеме беріпті.
«Әлемге ауыл шаруашылығы мен азық-түлік жүйелері бойынша шұғыл іс-қимыл қажет. Болашақты бірге өсірейік!
2030 жыл 17 Тұрақты даму мақсатының (Sustainable Development Goals (SDGs)) барлығына қол жеткізудің соңғы мерзімі ретінде бекітілді. Алдағы он жыл — болашағымызды қайта құруға берілген мүмкіндік. «Іс-қимыл онжылдығы» жоспарында тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық дамуға көшуде әрқайсымыздың атқаратын рөліміз бар. Бұл жоспардың өзегін тұрақты азық-түлік жүйелері құрайды.
Жылдам өзгеріп жатқан әлемде азық-түлік жүйелері азық-түлік пен тамақтану қауіпсіздігінің жоқтығын еселей түскен COVID-19 пандемиясын қоса алғанда, елеулі қиындықтарға тап болды. Жаһандық ауқымда екі миллиард адам дұрыс тамақтанбайды. 700 миллионнан астам ересек адам семіздікке шалдыққан, кемінде 820 миллион адам аштықтан зардап шегеді. Пандемия салдарынан сөзсіз артатын бұл статистика бұдан да жоғарылай түспек. Әрі жаһандық өнімнің шамамен үштен бірі жоғалады немесе ысырап болады. Биологиялық әртүрлілік азайып, су мен топырақ барған сайын тозып, климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығы өндірісі мен күнкөріс көздеріне кері әсерін тигізуде.
Азық-түлік жүйелерін ҚАЙТА ЖҮКТЕУ мүмкіндігін пайдалана отырып, жақындап келе жатқан жаһандық азық-түлік төтенше жағдайын шешу және пандемияның ең ауыр салдарларын болдырмау үшін дәл қазір әрекет етуіміз керек. Алдағы 20 жылда азық-түлік жүйелері 10 миллиард адамды асырап, сонымен қатар келешек ұрпақ үшін құнды табиғи ресурстарды сақтауы тиіс болады. COVID-19-дың таралуы жаһандық азық-түлік жүйелерінің осалдығын көрсетті, алайда ол азық-түлікті өндіру, тарату және тұтыну тәсілімізді түрлендіруге де мүмкіндік береді.»
Азық-түлік жүйесін трансформациялау үшін ғылымға негізделген жаһандық платформа құрып, берген бұл хабарларының әзіл емес екеніне ант та беріпті. Бұл антқа мұрындық болып, оны кепілдендірген Рокфеллер қоры мен EAT форумының бірлескен жұмыстары… қараңыз(**)
FReSH (Food Reform for Sustainability and Health — Тұрақтылық пен денсаулық үшін азық-түлік реформасы), азық-түлік жүйесінің трансформациясын бағыттау және сала өзгерісі үшін бірқатар іскерлік шешімдер жасау әрекетінің егжей-тегжейі сияқты тағы басқа көптеген жұмыстар… қараңыз (***)
БҰҰ-ның Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитінде жетекші рөлге тағайындалған, негізін қалаушы әрі Басқарма төрағасы қызметін мақтанышпен атқаратын д-р Гунхильд Стордален іс-қимыл жоспарының 2-кезеңін былай жариялапты:
«Халықаралық саммиттер әлемді өз бетінше сирек өзгертеді, әсіресе қазіргі жаһандық саяси ахуалды ескерсек. Сондықтан біздің мақсатымыз — Саммиттен әлдеқайда ары қарай өсе беретін, тоқтатылмайтын жаһандық өзгерістер қозғалысын құру және әлемге дәл қазір аса қажет болып тұрған кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға итермелеу үшін Саммитті толық пайдалану.» — Гунхильд Стордален
Өздерінің аса кішіпейіл ұстаным танытатынын, өйткені жұмыстарының лайықты жоғары бағасы азық-түлік жүйелерімізді жақсарту бағытында екенін айтып, сөзін жалғастырыпты. Бұл мүмкіндік әлемнің бағытын ҚАЙТА ЖҮКТЕУдегі маңызды белес болғандықтан, оларды толқытыпты. Осы толқумен тағы не істейтіндерін де баяндапты. қараңыз: (****)
«Дүниежүзілік экономикалық форумның адамдар үшін емес, ірі азық-түлік индустриясының пайдасы үшін Ұлы қайта жүктеу жоспары» — The Defender осындай тақырыппен мынадай хабар жариялапты: «Дүниежүзілік экономикалық форумның (WEF) Ұлы қайта жүктеуі жаһандық азық-түлік және ауыл шаруашылығы салаларын, сондай-ақ адамның теңгерімді әрі арнайы тамақтануын (диетасын) түрлендіру жоспарын қамтиды. Жоспардың сәулетшілері оның азық-түлік тапшылығын, аштық пен ауруларды азайтатынын, тіпті климаттың өзгеруін жеңілдететінін алға тартады.»
2021 жылғы 2 ақпанда осы платформада «Түрік көлі» тақырыбымен Екі ғасырлық жобаның тарихы мен болашағы туралы айтқан едік… «Жаңа ұрпақ жолының символы — жібектей ЖАСЫЛ, жап-ЖАСЫЛ жоба, Panax Sinica!» Panax Sinica, шын мәнінде, «PAX SINICA». Алайда біздің Жасыл және PANAX деп меңзегіміз келгені — шанышқы мен ферма арасындағы THE GREAT RESET іс-шарасы еді. Жібек жолы және оның саясаты туралы бұрынғы мақалаларымызда да ЖАСЫЛ арқылы жеткізгіміз келді. (Panax сөзінің сөздіктегі мағынасы — «Этимология» қараңыз(*****)
Осылайша «Қайтадан неолит дәуірі» деп аталып, атауы өздерінде ғана сақталған, бетпердесі көп, жоспары көп, нөлі мол ескіден қалған бір қабық…
Неолит дәуірі — экономиканың пайда болуы деген тағы бір мағынаны арқалаған, жылтыратылған тас дәуірі, б.з.д. 9000 – 3000 жж.! Неолиттік революция: өсімдіктерді мәдени өсіру және жануарларды қолға үйрету, соғыс құралдары, сауда, тұрақты ауылдық қоныстар және айналасы қабырғамен қоршалған бекініс-қалалар.
Жап-жасыл революция, символы жібек белбеу болған бір жолда жазылатын «Қайтадан неолит дәуірінің» хикаясы…
Назарларыңызға рақмет!
(*) https://resettingfoodsystem.splashthat.com/
(***) https://eatforum.org/initiatives/fresh/
(*****) https://tr.wikipedia.org/wiki/Ginseng
Түйін сөздер: THE GREAT RESET Адам Иллюзия