Жас жұбайларға ерекше ықылас…
Түркиямен қатар түрлі елдерде некеге тұрған 45 жұп бір апта ішінде Анталияның Серик ауданына қарасты Белек кентіндегі Rixos Premium қонақүйін таңдағанда, қызықты көрініс қалыптасты.
Rixos Premium қонақүйі өзі жұмыс істейтін агенттіктер мен тур операторларына бал айын өткізетін жұптарға арналған арнайы демалыс пакетін ұсынды. Осыдан кейін түрлі агенттіктер бал айындағы жұптарға бағытталған арнайы маркетинг жүргізді. Осы жұмыстың нәтижесінде Түркиямен қатар Германия, Англия, Нидерланды, Бельгия және Иран секілді түрлі елдерден келген 45 жас жұп бір апта ішінде қонақүйге орналасты.
Қонақүй басшылығы бал айындағы жұптарға арнайы демалыс пакеттерін әзірлегендерін, сондықтан көптеген жас жұбайлардың бал айы демалысы үшін Rixos Premium-ды таңдайтынын, алайда алғаш рет 45 жас жұпты кездейсоқ бір мезгілде қонақүйде қабылдағандарын айтты. 45 жұптың бал айы демалысына бір уақытта келуіне орай қонақүй әкімшілігі жас жұбайлар құрметіне коктейль берді.
Коктейльде сөз сөйлеген қонақүйдің бас менеджері Тансел Терджан өмір бойы бірге болу шартымен басталған жолдың алғашқы қадамдарында Rixos Premium Belek Hotel-ді таңдағаны үшін барлық жұптарға алғысын білдірді.
Rixos ретінде әрқашан тұңғыш істерді жүзеге асыруды, ең жақсы қызмет көрсете отырып, қонақтардың шексіз қанағатын қамтамасыз етуді және түрік туризміне қосымша құндылық қосуды ұстаным еткендерін атап өткен бас менеджер Терджан жұптарға өмір бойы бақыт тіледі.
Жас жұбайларды ерекше әлпештейді
45 жас жұп бір мезгілде таңдаған қонақүйдің бал айы демалыс пакетінде жаңа үзілген раушан жапырақтарымен безендірілген бөлме, шоколадқа малынған құлпынай мен жеміс коктейлі себеті, биге басқан субұрқақтардың арнайы шоуы, бөлмеге жеткізілетін таңғы ас, жас жұбайлардың есімдері жазылған арнайы халаттар, әуежайдан қонақүйге VIP трансфер, кешкісін көлде романтикалық гондолмен серуен, тосын сыйлықтар сияқты қызметтер ұсынылады. Қонақүй Түркияның Эрозиямен күрес, орман өсіру және табиғи байлықтарды қорғау қорымен (TEMA) жасалған келісімге сәйкес, жас жұбайлар үшін көшет отырғызу рәсімін де өткізеді. Қонақүйдің артқы бағынан бөлінген аумаққа жас жұптар өз есімдері жазылған көшеттерді бірлесіп отырғызады.
Қонақүйдің фотографы да жас жұбайлардың қонақүйде өткізген ерекше сәттерін суретке түсіріп, оларға ұсынады.
