ХВҚ ЦИФРЛЫҚ АЛШАҚТЫҚТЫҢ КЕҢЕЮІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙДІ
Д-р Нурфер Терджан
Ұлы қаржылық қайта іске қосу: 2020 жылғы 15 қазанда ХВҚ басшысы «Жаңа Бреттон-Вудс сәтіне» үндеу жасады. «Құдай қаласа, жақсылыққа болғай» дегіміз келді, алайда ол бұл үндеудің алдын ала дайындығын 2020 жылғы 3 маусымда-ақ мүлтіксіз жасап, бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп қойған еді.
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристалина Георгиева. Біз оны бірнеше апта бұрын кейбір жаңалық бағдарламаларын көрсететін youtube арналарындағы жарнама үзілістерінен жақынырақ таныдық.
Ол жаһандық экономиканың орталықтандырылған жоспарлаудың апатты салдарынан қалай тітіркенгенін жеткізуге тырысты. «Жаңа Бреттон-Вудс сәтіне» шақырды. Георгиева 15 қазандағы бетбұрыс туралы сөз етіп, бүгінгі экономикалық қиындықтардың Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында әлем бетпе-бет келген қиындықтармен бірдей екенін баса айтты. Әлеуметтік желілер мен форумдардағы еркін нарық жақтаушылары ХВҚ басшысының Бреттон-Вудс туралы соңғы сөзі көбірек күдік тудыруы керек деп сендіре отырып, біздің де ерте ме, кеш пе көндірілетінімізді 25-кадрдың көмегінсіз-ақ жеткізіп үлгерді.
Басшы Кристалина Георгиева неғұрлым төзімді, тұрақты және инклюзивті әлемді қалай құра алатынымызды бізге барынша күштеп жымиған кейпінде түсіндіруге тырысты.
Пандемия кезінде басшы қатты қорыққан болса керек, мұны оның 2020 жылғы 3 маусымда жазған жылы құшақтасудың өзіне қаншалықты жақсы әсер еткені туралы сөздерінен, Ұлы мәртебелі Уэльс ханзадасына және оларды бір жерге жинаған профессор Швабқа білдірген алғысынан аңғаруға болады. Сөйтіп ол барлық лауазым иелеріне жүгініп, шұғыл міндетке мынадай сөздермен шақырған: «Енді тарихтың бұл дағдарыс туралы не айтатынын ойланатын уақыт келді. Әрі енді әрқайсымыздың өз рөлімізді айқындайтын уақытымыз келді». Әрі қарай да жалғастырған…
Ол неғұрлым ақылды өсу туралы айтқан. Цифрлық экономиканың осы дағдарыстың ең басты ұтқан тарабы екені туралы ескертуді бірнеше ай бұрын-ақ жасап, яғни 2020 жылғы 15 қазандағы сөзіне қатысты ишара беруді де ұмытпаған. Алайда цифрлық алшақтықтың кеңеюіне жол берілмейтінін, кейбір елдер мен қауымдастықтардың артта қалуы болашақта пайдадан гөрі көбірек қасірет әкелетінін де ең мейірімді сөздеріне қоса айтқан.
Сондықтан ХВҚ сияқты институттардың цифрлық алшақтықты азайтатын инвестицияларды – Дүниежүзілік банкпен және басқалармен әріптестікте жұмыс істей отырып – қолдауының қаншалықты маңызды екенін де атап өткен.
Цифрлық саладағы өсім мен пайданың күрт артуы қоғамдарға игілік әкелетініне қалай көз жеткізу керектігін мұқият ойластыру қажет екенін де жеткізген. Сөзін неғұрлым әділ өсудің маңыздылығымен жалғастырған.
Өз бетіне жіберілсе, бұл індет теңсіздікті тереңдете түседі деген ескертумен қатар: «Бұл бұрынғы індеттерде де болған, абайлаңыздар! Сіздер бұрынғы сол өздеріңіз болып қалып, жұмысымызды қиындатпаңыздар» дегенді меңзеген.
Әрі баршамыз үшін жақсырақ әлемге қалай қол жеткізуге болатынын да тағы да жүрегімізді тебіренте отырып анықтап берген: «Егер біз адамдарға, қоғамымыздың әлеуметтік тініне, мүмкіндіктерге қолжетімділікке, баршаға арналған білімге және әлеуметтік бағдарламаларды кеңейтуге, сөйтіп ең осал топтағы адамдарға инвестиция салуға күш шоғырландырсақ, бұдан аман қала аламыз», деген.
Өткеннен бір мысал келтіре отырып, мейірімге толы сөздерін 2020 жылғы 15 қазанға дейін тоқтата тұрған.
Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың ортасында жеке адамның болмысын іріткен әлеуметтік зұлымдықтардан адамды қорғау арқылы бостандықты кеңейте алатын әлеуметтік әл-ауқат түріндегі араласуларды мойындаумен сипатталған бір баяндамаға нұсқаған. 1942 жылы Англияда жарияланған Беверидж баяндамасында анықталған қоғам бастан кешіп отырған зұлымдықтар «бес алып» деп аталған еді. «The Five Giants»
Бұлар: Жоқшылық, Надандық, Жұмыссыздық, Қараусыздық және Ауру!
Басшының мұнда астын сыза отырып еске салғаны: Уильям Беверидж 1942 жылы Англияның өзі «бес алып зұлымдық» деп атаған нәрселерді қалай еңсеруі керектігін болжаған әйгілі баяндамасына тағы да нұсқаған. Осы әйгілі Беверидж баяндамасы соғыстан кейін жақсырақ ел болу жолындағы, соның ішінде бүгінде Ұлыбританияда көптеген адамның өмірін сақтап отырған Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің құрылуын қоса алғанда, ең үздік іргетас болғанына назар аудартуға қол жеткізген сияқты. ӘЗІРШЕ!
2020 жылдың басынан бері үздіксіз «оқитын нақ уақыт, достар, ойланатын нақ уақыт» деп жазып келеміз. Алаңды бос көргендерді енді уақытында тыңдап, олардың істерінің астарын тарихтан оқу арқылы барынша жақсы түсіне аламыз. Тек енді олардың көлеңкесінде жоғалып кетпесек болғаны. Күресімізді осы жолда бөлшектемей, ыдыратпай, «The Five Giants» дейтіндердің қолына қалдырмай жүргізе аламыз, жеңіске де жете аламыз.
Түйін сөздер: ХВҚ Кристалина Георгиева Бреттон-Вудс
