
Ешқашан ұмытылмайтын 40 жылдық сыбыс: «Біздің балалар жүзеге асырды! Our boys have done it»!
2021 балаларының сахналық киімдері бұл жолы өте түрлі-түсті болды. Өз тайпасының атынан шыққан сахнаның ең жарқын жұлдызы, әрине, Шаман жігіт.
Барлығы өте жақсы ойнады, керемет өнер көрсетті. «Жаңа әлемдік тәртіп – ең жасылынан: The Green New Deal 2021»! Сценарий 1940-жылдардан, Г. Уэллстікі. «Бұл өте нанымды. Алайда бұл жолы біздің басшыларымыз бүлікшіл тергеу жағдайында ретсіз халықпен бетпе-бет келу үшін қақтығыстың салдарынан беделінен айырылып, түңіледі.”
Басты рөлдегі актерлердің бірі Трамп – күмәнсіз, ең тәжірибелі теле- және киноактер! Қаламасақ та тамашаладық. Қалай болғанда да билеттердің ақысын пандемиямен бірге алдын ала, оның үстіне ең қымбатын төлеп қойған едік!
Кез келген құрылымның алдымен құрастырылып, пішін алуы, кейін тәртіпке айналып, жүйеден орын алуы үшін тәртіпсіздік қажет. Бұл жағдай тәртіп пен өзгеріс арасында диалектикалық байланыстың бар екенін көрсетеді. Бұл диалектикалық байланыс өзгеріс үдерісіне сонымен қатар сызықтық емес сипат дарытады. Мұның себебі – әрбір тәртіптің бұзылуға бейім болуында. Өзгеріс сөзсіз. Алдыңғы тәртіптің әмбебап заң талап ететін энтропиясы, яғни хаосы мен бұзылуы арқылы ғана жаңа тәртіптер туралы айтуға болады. Өзгерістің сөзсіз болуына қарамастан, бұл үдерістің бақылауға көнетін қасиеті бар. Өзгеріс үдерісінің бақылауға көнуі оның позициялармен және позициялар арасындағы өзара әрекеттестікпен байланысты болуынан туындайды.
Ал әлеуметтанулық қырынан алғанда, бұл қозғалыс – жеке адамдардың мақсат қуып, түрлі рөлдерді атқаруы. Парсонстың сөзімен айтқанда, әрбір жеке адам немесе топ – актер. Қауымдастықтар мен қоғамдар өз актерлерінің рөлдерін атқаруына байланысты өмір сүреді, пішін алады.
Көне дәуір философтары ойланбай тұра алмаған, ішпей-жемей ойланған, болмаса бөшкеде өмір сүрген, өздері іздеген «Ақиқат – Шынайылық» сауалдарына көлеңке түсіргендердің өмір салтын әдебиет пен сахна өнері арқылы баяндап, жеткізуге тырысқан.
«Шынайылық шынымен шынайы ма» деген сауал төңірегінде ойланатындардың саны соншалықты аз, бір жолмен жүрсе де бір-бірін көре алмайды. Бұл сапардың дауылы – қазіргі дәуір іргетасы қаланған серпіндермен, тән, қоғам, билік сияқты ұғымдармен бетпе-бет келу.
Жан Бодрийярдың пікірінше: «Шынайылық тудыратын тарихи қатерлерге қарсы билік әрдайым тежеу мен симуляция ойынына жүгініп келді. Бұл істі ол өзі үздіксіз өндіретін шынайылыққа балама белгілер арқылы (әрине, осы арада барлық қарама-қайшылықтарды да быт-шыт етіп) жүзеге асырды. Бүгінде симуляция қатер төндіріп отырған (белгілер ойынының ішінде жоғалып бара жатқан) билік шынайылықты да, дағдарысты да өндіре отырып, жасанды әлеуметтік, экономикалық және саяси күрес түрлерін ұсынады… Біздің дәуіріміздің негізгі дертінің атауы – шынайылықты өндіру және қайта өндіру деп аталатын нәрсе».
Ник Бостром 2003 жылы симуляция гипотезасы туралы жариялаған мақаласында ғаламның негізінде аса жоғары технологияға ие өркениет кодтаған симуляциядан ғана тұруы мүмкін екенін алға тартқан еді.
1- Адамзат біз шынайылық ретінде бастан кешетін нәрсені бейнелей алатын компьютерлік симуляцияларды іске қоса алатындай күрделі деңгейге жетпей тұрып, құрып бітеді.
2- Аман қала алған кез келген өркениеттің мұндай симуляцияларды іске қосуы екіталай.
3- Біздің компьютерлік симуляцияның ішінде өмір сүріп жатқанымыз дерлік анық.
Егер үшінші ықтималдық дұрыс болса, біздің ғаламымыз көптеген модельдеудің бірі ғана, қарапайым біреуі болуы мүмкін, тіпті бір модельдеудің ішіндегі компьютерде жұмыс істейтін «ішкі модельдеулердің» бірінде орналасқан болуымыз да мүмкін бе?
Қоғамдағы жеке адамдардың ең үлкен тұжырымы: «Көргеніме сенемін»! Алайда мәселенің мәнін білмей тұрып бұл тұжырымды иелену, оның үстіне адамның бұл тұжырымды өмір салтын құрайтын негізгі қаңқа деп сенуі – осы мәселенің түпсіз шұңқыры… Талдау кейпіндегі түсініктемелер, болжамдар және т.б….
«Шынайылық шынымен шынайы ма?» деген сұраққа Мичио Каку берген түсінік: «Ал шындығында көре алатынымыздың көбі – елес. Мысалы, әдеттегі бір көрініске қарағанымызда, ол фильмге ұқсас панорама сияқты көрінеді. Шын мәнінде, көру аймағымызда тордағы көру нервісінің орнына сәйкес келетін үлкен бос орын бар. Осы үлкен, ұсқынсыз қара нүктені қайда қарасақ та көруіміз керек еді. Бірақ миымыз бұл бос орынды жасырып, қалыпқа келтіріп, жабады. Көру қабілетіміздің бір бөлігі бізді алдау үшін бейсанамыздан жасалған алдамшылық екенінен бейхабар, көріністің сұлулығына тамсанып қаламыз. Ағылшын тілінде “сыртқы көрініс пен мән бір нәрсе болса, ғылымның қажеті болмас еді” деген сөз бар. Ең алдымен Homo Sapiens-пен байланысты, әлем үшін құрастыратын моделіміз бен болашаққа арналған симуляцияларымыз тиесілі ең жоғары сана – 3-деңгейлі сана. Біз мұны басқа адамдарға қатысты естеліктерді немесе оқиғаларды талдай отырып, «кездейсоқ» ағаш құру үшін көптеген ретсіз байланыстар орнатып, болашақты модельдеу арқылы жасаймыз. Коктейль кешіндегі түрлі жүздерге қарап тұрып, өзімізге қарапайым сұрақтар қоя бастаймыз: Бұл адам маған қалай көмектесе алады? Бөлмеде айтылып жүрген өсек болашаққа қалай әсер етеді? Маған қиындық тудыруға тырысып жүрген біреу бар ма?”
Беркли Калифорния университетінде осы тақырыпты зерттеп жүрген д-р Галлант былай дейді: «Біз санамыздағы фильмдерге терезе ашып жатырмыз».
Кез келген жүйенің бастапқы күйін қолдану үдерісінде нақты білу мүмкін емес. «Бастапқы күйдегі өте шағын кездейсоқтық кейінгі кезеңде әлдеқайда ауқымды өлшемге ие болуы мүмкін».
Өзін-өзі ұйымдастыру кезінде жүйенің құрылымы тұтастықты құрайтын элементтердің қасиеттеріне қарай айқындалады. Бастапқыда ретсіз, үйінді күйінде көрінетін жеке адамдар бір жерге жиналғаннан кейін белгілі бір уақыт өткен соң топ ретінде реттелген қатынасты құрайтын байланысты барынша жылдам жүзеге асыра алады. Мұны қамтамасыз ететін – әлеуметтік бағдарлама. Жеке адамдар ортақ тіршіліктен үйренген мінез-құлықтарын қайталай отырып, тәртіпті қалыптастырады. Сондықтан әлеуметтік құрылымды құрайтын негізгі бөліктердің қасиеттеріне қайшы келетін жаңа пішіндердің пайда болмайтынына куә боламыз.
Әлеуметтік өзгеріс үдерісінде жеке адамдардың позициялары мен атқаратын рөлдері арқылы көрінетін, олар жасайтын шешуші таңдауларды жете талдай алатындар келесі сахнаның қандай болатынын белгілі бір ықтималдықпен көре алады.
2020 жылғы 3 қарашадағы сайлау үдерісінде тамашалаған «Жаңа әлемдік тәртіп – ең жасылынан: The Green New Deal 2021» фильмінің трейлері туралы осы алаңда қысқаша жазба қалдырған едік. «Сары шашыңнан өзің кінәлісің десе де, ренжи көрме, әй, Трамп! Қалай болғанда да қарсыласың Байден үшін де жақын болашақта “Жаңа әлемдік тәртіп” үшін сенің жаныңда жасырақ, ерекше, түрлі-түсті жаңа мұқаба моделін әзірлеп қойған едік. Жаңа ЖАҺАНДЫҚ әлемдік тәртіпте Азияның түрлі-түсті үні де болуы керек», – деп айтуы мүмкін.
Немесе тағы да мүлде басқа бір тосынсыйдан аңырып қалуымыз мүмкін…
Түйін сөздер: Трамп Жаңа әлемдік тәртіп2021