
Ойлау, түсіну және қабылдау қабілеттеріміз ең қара түспен бүркемеленген, аяғымыз жерден үзілген, үңгірлеріміздің қабырғасына бейнеленген Жиырма Жиырманың сәуірінде біз Белгісіздіктің Жаңа тәртібі бағдарламаларын тамашалап отырдық. Алыс өлкелердің Қара аққуы, Қиыр Азияның Сұр мүйізтұмсығы жаңа тәртіптің белгісіздігінен хабар әкелген еді. Ал хабардың тақырыбы мынадай болатын: «Жалпақ Жердің жаңа тәртіп белгісіздігінде белгілеген жаңа өмір салтымызға қатысты үкімдері мен шешімдері». Бүкіл әлемдегі мемлекет басшылары бұл шешімдер туралы бізге бір ғана ұранмен, бір сағатта, бір мәтін арқылы хабарлап жатты. «Енді ештеңе бұрынғыдай болмайды! Жаңа қалыпқа үйреніңіздер! Үйде отырыңыздар! Өзімізге өзіміз жетеміз…» Бұл – өмір сүре алмау күйін тудыратын сезімнің қорқыныш екенін оның түсінен аңғартқан хабар еді. Орталықшыл құл империясының түсі, орта ғасырлардың күндізі жоқ күндерінен, ең қараңғысының хабаршысы… Алғашқы күндеріміз болғандықтан, түсінбедік, түсіне алмас та едік, өйткені бетперде киіп жүрдік, бұл хабарларды да көлеңке театрының күйелеш дауыстарымен тыңдап отырдық.
Сол күндерді еске салудың, өткенге оралудың пайдасы жоқ дерсіз. Алайда бұл еске алу емес. Біз әлі күнге дейін сол күндердің жалғасы болған әрі шешімін күтіп отырған күндердің белгісіз сағаттарындамыз… Және осы күтудің беймәлімдігімен тағы бір белгісіз жылға дәл солай аяқ бастық.
Кеше көк құс екі тұмсығының арасында The Economist журналының бұрынғы бір мақаласын қайта әкеліпті. Мақаланың тақырыбы
«2021 жылғы әлем! Індет сұр мүйізтұмсық па еді, әлде қара аққу ма еді? Дәл астыңғы жолда «ЖАҚСЫЛЫҚ БОЛҒАЙ, ИНШАЛЛА!» дегізетін, ұсағырақ қаріппен жазылған тағы бір сөйлемнің мағынасын бірге оқып көрейік. «Сізге сездірмегені одан да көп, шын мәнінде, болжамдарыңыздан әлдеқайда асып түседі!»
Бірінші абзацтың жеткізген хабары қысқаша мынау: COVID-19 індетінен алынған сабақтардың онша үлкен болмағанын, біз бастан кешкен пандемияның маңызы мен құнының қаншалықты жоғары екенін, сәрсенбінің келерін қызыл бейсенбі айқайлап-шулап жеткізгенін, алайда бұл келудің ықтималдығы да жоғары әрі ең қараңғы әсері болатынын көрмеген болып жүргендердің ақымақтық деңгейін меңзеген. Көп жылдар бойы көптеген үкіметтер әлемнің індетке дайын емес екені туралы сансыз сенімді сөздер айтқанын, оның үстіне Қытайда жаңа коронавирус пайда болғанда көптеген ел бұл жағдай алдында үнсіз қалуды таңдағанын сарапшы әрі «СҰР МҮЙІЗТҰМСЫҚ» кітабының авторы Мишель ВУКЕР ишарамен емес, ашық-айқын жазған.
Мишель Вукер көшбасшыларға, ұйымдар мен қауымдастықтарға тәуекел қоғамы дәуіріндегі істерін жеңілдету үшін «сұр мүйізтұмсық» деп аталатын консалтингтік компания құрған. 2013 жылғы 26 қаңтарда Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы жиналысында сөйлеген сөзінде сұр мүйізтұмсық ұғымының нені білдіретінін жеткізген. Көшбасшылар мен іскер әлем тарапынан едәуір қызығушылық тудырса керек, WEF-тегі сөзі тәжірибеге, ал тәжірибе 2016 жылы кітапқа айналған. Вукер 2019 жылғы TED баяндамасында Қытай басшысы Си Цзиньпиннің кеңсесіндегі кітапханасында бұл кітапқа орын бергенін айтқан.
Екінші ғасырын аяқтауға таяған және өмір қуанышын хаостан алатын әйгілі Көріпкел The Economist-тің көк құс арқылы жіберген хабарламасына қайта оралайық.
«2021 жылы жаһандық экономикаға, қаржы нарықтарына, биржаларға қарсы барлық сақтық шараларыңызды алыңыз. Жұмыстан айырылулар, банкроттықтар мен дефолтқа ұшыраушылардың болу ықтималдығы жоғары екенін қазірден хабарлаймын», мендік жазу дейді. Содан кейін: «Апырай, мен естімедім, ешкім маған айтпады, The Economist көріпкелдігін жазбады, көк құс ұшпады, қашып кетті демеңіз, мен араласпаймын», – деп қатаң ескерткен.
Біздің тағы да іштей «ФЕСУБХАНАЛЛАҺ! Оның шарасы жоқ па?» дейтінімізді алдын ала болжаған әйгілі көріпкел журналымыз баяндамасын да, рецептін де алдын ала жазып қойыпты.
«Қара аққуларды тек артқы көрініс айнасынан ғана көре аласыз», – депті. 2021 жылы алдымыздағы Сұр мүйізтұмсықтарға назар аударуымыз қажеттігін баса айтқан. Неліктен Сұр мүйізтұмсыққа назар аудару керектігін біз түсінгендей былай жеткізген: «Сәрсенбінің құлап, нөлге түсетінін, мұны сұр мүйізтұмсық арқылы алдын ала болжауға болатынын және келер сәрсенбінің құлап, нөлге оранатын себептерін бейсенбі өзі түсірген бетпердесінде ашық-айқын көрсететінін» айтқан. «Бұл сөзімді ОҚЫМАСАҢЫЗ, өзіңіз білесіз, мен араласпаймын» деген ескертпені де бір сөйлеммен мақаланың соңына бір жерге іліп қойыпты. Ескертпенің астарлы хабары мынау: «Бұл мақала 2021 жылғы The World журналының баспа нұсқасының «Соққыдан кейінгі дүмпулер» бөлімінде: «Қара аққу ма?» Жоқ!»
Ал неліктен Қара аққуға жоқ?
Біздің заманымыздың I ғасырында өмір сүрген деп саналатын көне ғұламаларымыздың бірі Юний Ювеналдың «жерде сирек кездесетін құс, дәл қара аққу секілді…» деген сөзінің өзін ұмыттырмас үшін Орта ғасырларда жиі қолданылғанын бізге еске салды. Сол күнге дейін қара аққудың бар екеніне ешкім куә болмағандықтан, оның жағымсыз ықтималдықтарды немесе ықтимал еместікті бейнелейтіні туралы тікелей қорытынды жасауға болады. Орта ғасырлар бойы Ювеналдың бұл сөзі бұрын-соңды кездеспеген оқиғаларды сипаттау үшін қолданылды, тек 1697 жылы Виллем де Вламинг Батыс Австралияда алғашқы қара аққуды тапқанға дейін…
Ал Қара аққу метафорасының бүгінгі таңда басқа бір арнада, экономика мен қаржы әлемінде қолданылуы 1962 жылы Джоан Робинсон жазған «Economic Philosophy» атты еңбек арқылы жүзеге асады. Арада жылдар өткенде «Қара аққу» өзін бүкіл әлемге ливандық тектес америкалық жазушы әрі экономист Нассим Николас Талебтің кітабы 2007 жылы АҚШ-та жарық көріп, қысқа уақытта бестселлерге айналуы арқылы танытты. Нассим Николас Талеб кітаптың алғысөзінде: «Барлық аққулар ақ… Австралия ашылғанға дейін», – деп жазып, бұл сөзді Джоан Робинсонға арнаған. Қара аққу метафорасы: автор Н. Талеб оны ешкімнің ойына келмейтін, тіпті ықтималдық та бермейтін оқиғалар үшін қолданады. Болуы ықтималдықтан тыс деп саналатын, болжауға келмейтін, бірақ орын алған жағдайда құрама әсерімен орасан зор оқиғаларға нұсқайды. Өзгерістерге әкелуге жететіндей ықпалы аса зор және бір рет орын алғаннан кейін оны азырақ кездейсоқ етіп көрсететін кейбір түсініктемелер беретін оқиғалар ретінде анықтайды. Көбіне назардан тыс қалатын немесе жүзеге асу ықтималдығы төмен деп саналатын айнымалылар мен осы өзгерістердің өркениет тарихын қалыптастыратынын алға тартады.
Қара аққу оқиғаларының ерекшеліктері: Болжаусыздық – Қатты әрі ауқымды салдар тудыратын – Орын алғаннан кейін логикалық шеңбер сызу арқылы маңызын кейін түсінетін элементтермен болжамдылық дарытатын оқиғалар. Сондай-ақ бастан кешкен оқиғалардан сабақ алудың орнына, түсініктеме үстіне түсініктемемен талдау кейпіндегі өсекке айналатын, соққыдан кейінгі дүмпулердің астында қалатын басқа да оқиғаларды сипаттайды.
Енді көріпкеліміз The Economist-тің ескерту сипатындағы ұсынысындағы таңдауымен танысайық. «СҰР МҮЙІЗТҰМСЫҚ»
Автор Мишель Вукер 2013 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумда (WEF) Gray Rhino ұғымы арқылы 2012 жылы орын алған Грекиядағы қаржы дағдарысы мен одан кейінгі ахуалды баяндаған еді. Бұл ұғымды «Сұр мүйізтұмсық» деп атау себебін бір сұхбатында түсіндірген. Ақ аққулар бар, аз болса да қара аққулар да бар. Ал тәуекелді көрінімділік пен әсер тұрғысынан айшықтау үшін қолдануды ойлаған мүйізтұмсықтар туралы ол былай дейді: «Қаралары толық қара, ақтары толық ақ болмағандықтан, шын мәнінде бәрін аралық реңк мағынасында „сұр“ деп атау назар аудартады деп ойладық». Демек, нарықтарды шатастыруға жететіндей зор әлеуетті әсері бар, ықтималдығы жоғары әрі келе жатқанын көріп тұрған, бірақ мүлдем дайынсыз қарсы алынатын тәуекелдер Сұр мүйізтұмсық теориясымен анықталған.
Ал Сұр мүйізтұмсық – «Gray Rhino» арқылы тәуекелді болжау үдерісінің кезеңдеріне келсек;
«Тәуекелді терістеу немесе елемеу. – Мәселені байқау, бірақ сылтаулармен өткізіп жіберу. – Диагноз! Ең маңызды кезең. Мәселені шешу мақсатында шынайы жоспарлау жүргізу. – No Panic! Дұрыс диагноз қою үдерісі арқылы еңсеруге болатын кезең. Бұл кезең сонымен бірге екі жүзі өткір пышақ секілді. Бұл кезеңді дұрыс құрастыру арқылы соңғы кезең – іс-әрекетке дұрыс қадаммен өтуге болады. Алайда бұл кезеңде дұрыс тұжырымдар жасалмаса, қате әрекеттерге бет бұруға да әкелуі мүмкін.»
Шын мәнінде, біздің қызыл бейсенбі коронавирустың аяқ дыбысын көп жылдар бойы баяндама артынан баяндамамен қап-қара болғанша жариялауға тырысқан, бірақ ешкім мән бермеген. Бейсенбінің жеткізгісі келгені мынау еді: «Қаталдығы Ковидтің 19-ымен жарысатындай болмаса да, бір ұрпақ бұрынғы әулет үлкендері мен олардан кейінгі ұрпақтардың келгені мен кеткені болған екен. SARS вирусы 2004 жылы, 2009 жылы H1N1 және 2015 жылы ЭБОЛА тарихқа өздерін жаздырғандай даңқ қалдырған еді». Нәтижесінде Жиырма Жиырманың пандемиясы қарайған бейсенбінің кемесіне әлдеқашан мініп, жетіп келген.
Көріпкел The Economist былай дейді: «Ұрпақтан ұрпаққа вирустар тудырған бұл індеттер пайда болды, олар „Сұр мүйізтұмсық“ болу ерекшелігімен көрінгенде ешкім мән бермеді, ол туралы ойланбады… Ал содан кейін ше! Оның үстіне Қытайда алғашқы Covid 19 жағдайлары туралы естілгеніне қарамастан, оның ең қатты вирустардың бірі екені туралы хабарлардың сұраққа алынбағаны… Әй! Қара аққудың соңынан қуғандар…» – деп өзінің ең ескертпелі сөздерін айтқысы келген.
Тәуекел қоғамы ретінде алдыңғы мақаламызда жеткізуге тырысқанымыз: «бүгінде қоғамның ішінде тұрған қауіп – қараңғылықтан қоректенетін тәуекел мен белгісіздік» дегенді білдіретін. Табиғи тәуекелдер және жасанды тәуекелдер болып бөлінетін тәуекел жағдайларынан туындайтын ықтимал қауіптер мен қатерлер, сенімсіздік, белгісіздік пен қорқыныш бүкіл өмір салтымызды өзгертіп, үстіне жаңадан-жаңа А-қалыптылықтар қосуды жалғастыруда. Жаңарды деп жарияланған «Қалып» – тәртіп ақылға қайшы арнаға бұрылған, қоғамның қабылдау қабілетін жою арқылы өз тұрақтылығын қамтамасыз ететін А-Қалып.
Егер көріпкел The Economist-ке құлақ аспай, қара аққудың соңынан ерсек, онда біздің халімізге уай, сан мың уай! 2021 жылға арнайы жасалған тәуекелдер мен олардың салдарының есебін сұрайтын «Сары шашына кінәлі Трамп» та енді жоқ!
Ойланатын нақ уақыт! Түйін сөздер:АлысThe EconomistCOVID19