Басты бет

CISACADEMIA

Нұрлы жолда: Дүниежүзілік логистикалық паспорт

«Қазақстан Орталық Азияның хабы ретінде Дүниежүзілік логистикалық паспортқа қосылды»

Дубай кедендік басқармасы 2019 жылғы 14 қазанда Дубайдың Жібек жолындағы рөлін арттыруға және Дубайдың тауарларына, қызметтеріне және кешенді көлік жүйелеріне деген сұранысты көбейтуге ықпал ету мақсатында Дубай Жібек жолы стратегиясының бірінші кезеңінің бөлігі ретінде Дүниежүзілік логистикалық паспортты іске қосқанын жариялаған болатын.

«Бірегей бастама» деген айдармен жасалған бұл мәлімдеме Дубай кедендік басқармасының өңірлік және халықаралық саудадағы рөлін күшейтетін осы жүйенің инфрақұрылымына нұсқайтын еді. Дубайдың мұрагер ханзадасы, Дубай Атқарушы кеңесінің төрағасы, мәртебелі шейх Хамдан бин Мұхаммед бин Рашид Әл Мактум бұл бастаманы Дубай Жібек жолы стратегиясын іске асыру Дубайдың ерекше байланыс және логистикалық қызметтері арқылы жаһандық экономикалық және іскерлік орталық ретіндегі орнын одан әрі нығайтатын экономикалық өсудің жаңа кезеңінің бастауы деп жариялады.

Дүниежүзілік логистикалық паспорт DP кедені мен Dubai Trade-ті қоса алғанда, DP World және Data сияқты логистикалық қызмет көрсетушілерді, сондай-ақ Дубайдағы тиісті мекемелер арасындағы сауда операцияларын жеңілдетуді қамтитын мемлекеттік органдарды өзара байланыстыра отырып, кәсіпорындар мен теңіз тасымалы компанияларына бірқатар бірегей операциялық және қаржылық артықшылықтар ұсынады.

2020 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан да Еуропа мен Азия үшін сауда орталығы ретіндегі орнын нығайту және дамушы нарықтар арасындағы сауда мүмкіндіктерін арттыру мақсатында Дубайдың ауқымды бастамасы ретінде жарияланған Дүниежүзілік логистикалық паспортқа (World Logistics Passport / WLP) қосылғанын хабарлады.

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Дубай порттары, кедені және еркін аймағы корпорациясының төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

WLP жүк тасымалдаушы компаниялар үшін әлемдегі алғашқы логистикалық адалдық бағдарламасын құру арқылы бизнес пен үкіметке қолданыстағы сауда бағыттарын белсенді түрде жетілдіруге және жаңаларын дамытуға мүмкіндік туғызуды мақсат етеді. Қазіргі уақытта дамушы нарықтар арасындағы сауданың өсуін тежеп отырған логистикалық тиімсіздік сияқты сауда кедергілерін жою арқылы мәселенің жүйелі түрде шешілуін қамтамасыз етеді.

Азия, Африка және Латын Америкасы елдері экспорты мен саудасы жағынан дамыған елдерге тәуелді болып, бір-біріне салыстырмалы түрде аз тәуелді болғандықтан, WLP бұл өңірлерге қолда бар тауарлар саудасын әртараптандыруға және басқа дамушы тауарлармен қатар маңызды тауарлардағы нарықтық үлесін арттыруға жеңілдік пен жылдамдық береді деп есептейді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан Колумбия мен Сенегалдан кейін әлемдік сауда ағындарын жеңілдету мақсатында тәжірибе алмасу ісінде Дубайға ресми түрде қосылған үшінші ел болды. Бразилия, Уругвай және Оңтүстік Африка да WLP-ның серіктестері ретінде ресми тіркелген елдердің қатарында.

Қазақстан үшін WLP-ға қосылу елдің экспорты мен импортын Еуропа мен Қытайдан Латын Америкасы мен Африкадағы өсіп келе жатқан нарықтарға қарай әртараптандыруға мүмкіндік туғызуды көздейді. Мәлімдемеге түсініктеме берген Сұлтанов: «Қазақстан «Белдеу және жол» бастамасы мен Дүниежүзілік логистикалық паспорт арасында байланысқан жүйе бар екенін атап өтті. Бұл көлік және логистика саласында жаңа мүмкіндіктер ашып, елдің бүкіл транзиттік әлеуетін айқындайды. Алматы Қазақстанның маңызды логистикалық хабына айналады. Ол қаланың стратегиялық орналасуы Қазақстанның Қытай мен Еуропа арасындағы саудадағы үлесін арттыруға қатысты маңызды әлеуетке ие екенін де айрықша атап өтті.

«Алматы сондай-ақ өңірдегі Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сияқты нарықтарға қол жеткізуді қамтамасыз етіп, бұл нарықтар мен Дүниежүзілік логистикалық паспорт серіктестері арасында қақпа қызметін атқарады. Алматы әуежайы әлемдік стандарттағы кең ауқымды қызметтер ұсынатын әуе көлігі хабына айналады. Дүниежүзілік логистикалық паспортқа мүшелік Қазақстанның аз пайдаланылатын нарықтарға қол жеткізуін жүйелендірді. Елдің стратегиялық орналасуы оның ең ірі қаласы Алматының Қытай мен Еуропа арасындағы саудадағы үлесін теміржол арқылы арттыруына жеңілдік пен жылдамдық беруді жалғастыруда».

Бин Сулайем болса: «Сауда – экономикалық дамудың өмірлік маңызды бөлігі, ал Қазақстанның Дүниежүзілік логистикалық паспортқа қосылуы болашақ экономиканың өсуін жеделдетеді. Логистикалық сараптамасы Дубайда шоғырланған WLP тауарлар мен қызметтердің бүкіл әлем бойынша қалай қозғалатынын қайта жобалауға, жаһандық жеткізу тізбектерінің төзімділігін арттыруға және Қазақстан сияқты елдердің қолынан келгенше гүлденген сауданың дамуындағы барлық кедергілерді жоюға көмектесті», – деді.

Сұлтанов пен Бин Сулайемнің мәлімдемелеріндегі егжей-тегжейлерден Жаңа буынның символы – Жібек жолының ажырамас бөлігі Орталық Азиядағы «Нұрлы жол» (Nurly Zhol – Нұрлы жол – The Bright Road of Kazakhstan) арқылы өтетінін анық түсінуге болады. Түркияның 2021 жылдан бастап қай бағытта және қай жүйеде орын алатынын да осы жерден оқи аламыз…

Түйін сөздер: Жібек жолы Логистика Әлем