Басты бет

CISACADEMIA

Қайта жасылданды

Жаңа буынның Жібек жолы

Түркия, Иран және Пәкістан билігі Стамбұл–Тегеран–Исламабадты байланыстыратын тасымалды қайта бастауға және Шығыс Жерорта теңізінен Оңтүстік Азияға дейінгі байланысты күшейтуге келісті. Бұл темір жол желісінің қайта жандануы Қытай бастаған «Белдеу және жол» бастамасының дамуының нәтижесі болып табылады, ал тарихтың ең маңызды нышаны – Жібек жолы қайта көктеген сайын көктей түсуде.

Стамбұл–Тегеран–Исламабад желісі

Стамбұл–Тегеран–Исламабад (ITI) темір жолы алғаш рет 2009 жылы сынақ ретінде іске қосылған еді. Алайда Иранға салынған санкциялар, сондай-ақ инфрақұрылымға салынатын инвестициялардың жетіспеуі мен сауданың аздығы бұл жобаны сақтап, дамытуды қиындатты. 2020 жылдың басында Түркия, Иран және Пәкістан желінің қайта іске қосылғанын жариялады; алайда Covid19 дағдарысына байланысты бұл кейінге қалдырылды . 2020 жылғы желтоқсанда Стамбұлда өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) Көлік және байланыс министрлерінің кездесуінде үш ел бұл желіні 2021 жылы іске қосу үшін сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Бұл бағыт өңірдегі ең ұзын бағыттардың бірі – 6 500 км болмақ. Түркияның батысынан Пәкістанның орталығына дейінгі сапар небәрі 11 күнге созылуы мүмкін, бұл бағытты теңіз тасымалына сенімді әрі жылдам балама етеді.

ITI (Стамбұл – Тегеран – Исламабад) және ЭЫҰ

ITI – Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) әзірлеген ірі жоба. Бұл өңірлік ұйымды өңірлік сауда мен интеграцияны арттыру мақсатында 1985 жылы Түркия, Иран және Пәкістан құрған. 1992 жылы ЭЫҰ-ға Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қосылды. Өршіл мақсаттарына қарамастан, ЭЫҰ ұйымның алғашқы мақсаттарына жетуіне кедергі келтірген көптеген қиындықтарға тап болды. Пәкістандағы соғыс пен тұрақсыздық ұзақ уақыт бойы өңірдегі әл-ауқатқа жетудің жолындағы үлкен кедергі болды. Иранға қарсы санкциялар кейбір компаниялар мен үкіметтерді өңірлік бастамаларды дамыту жұмыстарынан бас тартқызды.

ITI арқылы Иран өңірлік тұрғыда көрінісін арттырып, Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Оңтүстік Азия арасында қайтадан орталыққа айнала алады.

ITI (Стамбұл – Тегеран – Исламабад) және BRI («Белдеу және жол» бастамасы)

«Белдеу және жол» бастамасының (BRI) 2013 жылдан бері дамуы және Түркия, Иран мен Пәкістанның Қытай бағдарламасын белсенді түрде қабылдауы ITI-ге жаңа перспектива сыйлады.

Қытай мен Пәкістан қарым-қатынастарын дамытуға және Қытай–Пәкістан экономикалық дәлізін (CPEC) бірлесіп салуға уәде беріп, барлық келісімдерді жаңартты. Бұл дәліздің бір бағыты Пәкістандағы көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты: осы бағдарлама аясында жаңа автомагистральдар мен темір жолдар жоспарланып отыр. Қытай мен Пәкістан арасындағы ықтимал темір жол байланысы туралы әлі шешім қабылданбағанымен, Пәкістанның ірі қалалары арасындағы басқа темір жол жобалары салыну үстінде. 2020 жылғы желтоқсанда Исламабад пен Бейжің Карачи мен Пешавар арасындағы темір жол желісін екі жолды етіп, жаңғыртудан тұратын ML-1 жобалары бойынша / жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқан еді.

Пәкістандағы көптеген темір жол желілері бір ғасырға жуық уақыт бойы қалпына келтірілмеген, темір жол тасымалын жылдамырақ әрі сенімдірек ету үшін елеулі жетілдіру қажет. Пәкістанның Белуджистандағы Кветтаны Ирандағы Мирджавемен (ML-4) байланыстыратын темір жол желісі әсіресе осал күйінде қалып отыр. Оны қауіпсіз көлік жолына айналдыру үшін барлық жоспарлар жасалған.

Сонымен қатар Қытай «Белдеу мен жолдарды» басқа елдерге бірте-бірте ашып келеді. Ол қытайлық емес компанияларды да «Белдеу және жол» жобаларына инвестиция салуға ынталандыруда. ITIT желісін жаңарту толығымен қытайлық қорлар есебінен қаржыландырылмайды. Жасалған келісім аясында Түркия, Иран және Пәкістан бұл бағдарламаға өңірлік және шетелдік фирмаларды тартуға міндетті. Алайда желі іске қосылғанда, ол үш елдің қалалары мен арнайы экономикалық аймақтарында жаңа мүмкіндіктер туғызатын экономикалық дамудың маңызды дәлізіне айналады.

Қандай жүктер тасымалданады?

Осы жаңа темір жол желісі арқылы Түркия, Иран және Пәкістан өздерін Еуропа мен Азия арасындағы маңызды орталық ретінде көрсетуде. Алайда бұл жаңа жүк желісі сонымен бірге үш ел арасындағы байланыс пен сауданы да арттырады. Өңірлік сауда шектеулі. Мысалы, Пәкістан экспортының тек 1,26%-ы Түркияға, ал 0,1%-дан азы Иранға жөнелтіледі.

Мұны жандандыру үшін Пәкістан, Иран және Түркия экономикалық саясаттарын жақсырақ үйлестіруі қажет болады, сонда жергілікті компаниялар осы жаңа желіні пайдаланатын болады.

Қытайға апаратын жаңа жол ма?

Бұл жаңа желі Қытай аумағына жалғанғанда ғана толық мәнге ие болып, осылайша Түркиядан Шыңжаңға дейінгі сауданы арттырады. Бүгінде Қытай – Түркия, Иран және Пәкістанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Бұл жаңа желі осы сауданы одан әрі дамытып, ұлғайта түседі.

Өңірлік ашықтық

Желі сондай-ақ шетелдік компанияларға Түркия, Иран және Пәкістандағы жаңа өңірлер мен қалаларға жол ашады. Еуропалық ​​компаниялар үш елде жаңа байланыстар орнату мақсатында жаңа нарықтар қалыптастыруға арналған жобаларын жүзеге асыра бастады.

Америка өз қамымен әлек болып жүрсе де, Басрадағы жедел өзгерістерді де әрине бақылап отыр. 2021 жылғы 5 қаңтарда Басраның арғы бетінен келген «ынтымақ және тұрақтылық келісімі» туралы хабарларға қатысты жағымсыз реакцияларға қарсы барлық жоспарлар дайын тұр. Басра арқылы өткен Жібектей желдің әкелген хабары – Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Файсал бин Фархан Әл Сауд жариялаған, Катар мен төрт араб елі арасындағы дипломатиялық қатынастардың «ынтымақ және тұрақтылық келісімі» арқылы қайта қалпына келтірілуі еді.

Қытай, Түркия, Иран, Пәкістан арасындағы оң немесе теріс болып көрінетін барлық өзгерістердің себебі айдан анық! Осы астардағы жағымсыз өзгерістерге қарсы шараларды болжай алу үшін нышаны Жібек болған Жаңа буын жолындағы 65 елдің орналасуын, транзиттік дәліздерін осы платформада талай рет егжей-тегжейлі жаздық. Тағы бір тұспал – Шанхай Шанхай ынтымақтастық ұйымы (Shanghai Cooperation Organisation), немесе ең танымал басқа атауымен Шанхай бестігі және Шанхай пактісінің соңғы күндердегі жеделдетілген жұмыстары мен шешімдері. 

Катар 2017 жылы жасаған келісімдерімен Жаңа буынның Жібектей жолын жасылдандырған еді. 2021 жылғы 5 қаңтардан бастап Катар Жаңа әлемнің жаңа тәртібі болып табылатын Белдеу мен Жолды одан әрі жасылдандыру үшін Сауд Арабиясын, Бахрейнді, Мысырды және Біріккен Араб Әмірліктерін де өз қатарына қосады, ал алдағы күндері тағы кімдерді, нелерді қатарына қосарын күтіп көреміз.

Түйінді сөздер: COVID19 Түркия Жаңа әлем