2020 жыл – Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы аталып өтетін жыл; бұл дата ЮНЕСКО-ның Атаулы және мерейтойлық даталар күнтізбесіне енгізіліп, бүкіл әлемде кеңінен тойлануда. Шығыстың ұлы ғұламасы, Екінші ұстаз әл-Фарабидің өмірі мен қызметін зерттей отырып, философияның таңғажайып әрі әсем әлемімен бетпе-бет келесіз, өткен заманның қызықты көзқарастарын ашасыз және қазіргі ғалымдармен танысасыз.
Міне, бүгін де Түркиядан келген ғалым, Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен «Желдің үндеуі. Әл-Фараби» кітабын жарыққа шығарған Нурфер Терджанмен қызықты кездесу өтті.
Кітап ғылыми еңбекте әдеби жанр элементтері де қамтылған қызықты, тұтас стильде жазылған. Автордың айтуынша, кітап әл-Фарабидің білімі мен ілімін оқырмандардың кең қауымы арасында насихаттау мақсатында жазылған. Кітап үш тілде жарық көрді: түрік, ағылшын және орыс тілдерінде.
Нурфер Терджан Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасына деген тәнті көңілін білдірді: ол кітапхана қорымен жұмыс істегенді ұнатады, кітапхананың техникалық жабдықталуы оны таңғалдырып, қуантады, сондай-ақ Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының kazneb.kz порталымен де үнемі жұмыс істейді.
Кітаптар жақын арада kazneb.kz арқылы пайдаланушыларға ұсынылады
Дереккөз: facebook.com
Орыс тіліндегі түпнұсқасынан аударылды.



