Rixos Premium Belek қызметкерлерінің ынтасын арттыру мақсатында көңілді байқау ұйымдастырды. «Rixos Premium Belek өз жұлдыздарын іздейді» атты байқауға қатысқан қызметкерлер телешоулардан кем түспейтін өнер көрсетті.
Rixos Premium Belek қызметкерлері өз дарындарын сынға салды. Маусым басынан бері іріктеу кезеңдері өткізіліп келген «Rixos Premium Belek өз жұлдыздарын іздейді» байқауының финалы телешоулардан кем түспейтін сәттерге куә болды. Бірінен бірі өткен дарынды Rixos Premium Belek қызметкерлері бақ сынасқан кеште бірінші орынды түрік классикалық музыкасын орындаған Мехмет Онур Йылмаз жеңіп алса, екінші орынды дуэт болып өнер көрсеткен Гамзе Акгүл мен Мерйем Эзги Сакар иеленді, ал үшінші орынды Майкл Джексонның әнін орындаған Катерина Келешабдиоғлу алды.
Rixos Premium Belek бас менеджері Тансел Терджан қазылар алқасын басқарған байқауға 25 қызметкер қатысты. Финал кешінде 7 қызметкердің бақ сынасқанын айтқан Терджан: «Маусым бойы өте қарқынды әрі үлкен жанкештілікпен еңбек еткен қызметкерлерімізді ынталандыру, олардың дарынын көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында осындай жобаны жүзеге асырдық. Байқау барысында Rixos Premium Belek отбасы ретінде көптеген көңілді сәттерді бастан өткердік. Қызметкерлеріміздің арасында қаншама дарын мен айшықты тұлғалар бар екенін аштық», — деді.
Rixos Premium Belek бас менеджерінің орынбасарлары Галип Топал мен Мурат Алпман да байқауға қатысушыларға қолдау көрсетіп, рух берді. Жеңімпаз атанған барлық финалистер тікұшақпен саяхаттың сыртында демалыс жолдамалары мен электроника сыйлықтарын жеңіп алды.
