
Эйнштейннің мәселе шешудегі таңғажайып құпиясы: «Егер әлемді құтқаруға бір сағатым болса, оның елу бес минутын мәселені анықтауға, қалған бес минутын шешімін табуға арнар едім».
Қолымыздағы шексіз интернетпен заманның ең ақылды құрылғыларына иеміз. «Бір көліктің ақшасын төлеп отырмыз» дейтін осы құрылғылар арқылы біз тек телефон соғып, хат алмасып, әлеуметтік желідегі «ұнатты ма, ұнатпады ма» деген сияқты күйбең тіршілігіміздің шырғалаңына YouTube-тан ән іздеу арқылы ем табуға тырысамыз.
Шын мәнінде, Эйнштейн өзі байқаған бұл кеңесін біз іске асырсын, ой елегінен өткізсін, тіпті оны дамытсын деп ерекше ізеттілікпен жеткізген. Әрине, оны әлеуметтік желідегі парақшаларымыздың қабырғасында бөлісіп, жарқыратып қою үшін емес!
2020 жыл алтындай жарқыраған вирус тәжін киіп келді. Одан кейін бір ғасырға жетерліктей зорлық-зомбылық пен тұйық көшелерге көмілген мина атаулының бәрі жарылғанына куә болдық. Ішімізде – күйреу, қалаларымызда – күйреу…
Біз бұл платформада Эйнштейннің кеңесін барынша тиімді пайдалануға тырысамыз.
Эйнштейн сияқты данышпанға 55 минут, әрине, жеткілікті. Қолымыздан келсе, мүлде болмаған деп есептейтін осы 2020 жылы басымыздан өткен, шиеленісіп шатасқан мәселелердің үстінен бір жылға жуық уақыт өтті. Біз әлі күнге дейін бірде-бір тиянақты сұрақ қоя алмадық.
Алдымызда күн санап ақыл жетпестей ұлғайып бара жатқан вирус, саясат, шекараларымыздағы бітпейтін соғыс пен қауіп-қатерлер, энергетика (мұнай, газ, Жібек жолы дағдарысы), жер сілкінісі және ең бастысы экономика сияқты жарылып, жалыны жан-жаққа шашыраған мәселелерге әлі тіпті жақындай да алмадық емес пе? Теледидар экрандарына немесе әлеуметтік желіге байланып, сонда қалып қойған санамыздың, әрине, не кінәсі бар. Қалай болғанда да, барлық оқиғалардың шешімі әлі күнге дейін үстірт ұсталған мәліметтер мен жоғарыдан төгілген жаттанды сөздердің тасқынынан ізделуде.
Біз бұл платформада «Бізге не болды? Әлі не болмақ?» деген сұрақтан бастап, назарымызды тақырыптардан ауытқытпай сұрақтар қоюға тырысамыз.
Ең алдымен мәселелер әлі нақты анықталған жоқ!
«Бәрінің басы – денсаулық» дейтін, «Денсаулықтан басқаның бәрі бос екен» дейтін, қасіретімізді бір әлеуметтік жарнамамен сипаттап, мәселе шешілді деген елеске бой алдырған мына күндер… Мәселе – «мәселенің» не екенін түсіне білуде. «Маска – Арақашықтық – Тазалық» сияқты әлеуметтік жарнама мәселені анықтап, оған жақындатпақ түгілі, керісінше бізді одан мүлде алыстатып жіберді, ал біз мұны әлі де сезбейміз.
Мәселенің анықтамасы сіздің мәселе шешу жолындағы күш-жігеріңіздің басты нүктесі болмақ. Жоғарыда қолымыз дірілдегендіктен бәрін жаза алмаған мәселелеріміздің қайсысының басты нүктесіне жақындай алдық? Жақындай алмаймыз, өйткені бізді әр сәт әлеуметтік жарнамамен ескертіп отыр!
Көпшілігіміз түсіне алмаған әрі Эйнштейн меңзеген түсіндірме мынау: біз тапқан шешімдердің сапасы шешуге тырысып жатқан мәселеміздің сипаттамасының сапасына тура пропорционал болады. Біз басымыздан өткеріп жатқан қиындықтарға дұрыс сұрақ қою үшін жолға шыққанда, парадигма өзгерісі үдерісінің толғағын бастан кешіп жатқанымызға сенімді болып, бұл платформада өзгеріс туралы қайта-қайта айттық.
Тәртіптен бейберекетсіздікке қарай жылдам өтіп, абдырағанымызды сипаттай алмай отырған бұл жағдайды тек орынды ғылыми түсіндірмеге жүгіну арқылы ғана ұғына аламыз.
Энтропия заңы арқылы біз тұйықталып қалған бұл жағдайды бізге сипаттап беретін ғалым Людвиг Больцман бізге алғашқы көмекті көрсете алар еді.
Өткенімізге қалдырғалы отырған қазіргі парадигма өзінің жарамсыздығын жеткілікті түрде көрсетті.
Тек енді бұл жағдайды мойындасақ болғаны. Ішінде туып-өскен, тәрбиеленген осы ескі парадигма мен өзін барған сайын дәлелдеп келе жатқан жаңа энтропия заңының арасында қысылып қалған ұрпақ ретінде тарихқа еніп те үлгердік. Келесі «Жаңа қалыптың» жаңа ұрпағы қате анықтамалары соншалықты айқын
қағидалар мен пікірлерге қалай бас игенімізді, көзімізді жапқан масканы аша алмай, бір ғасыр бойы соқыр сеніммен табынған анықтамасыз анықтамалармен қалай өмір сүргенімізді ешқашан ақылына сыйғыза алмайды. Жаңа парадигманың ішінде құлап-тұрып жүріп оны қабылдай бастағанда, біз алдыңғы ұрпақ ретінде өзімізді тілін де, географиясын да мүлде білмейтін бір елде өмір сүріп жатқандай сезінетін боламыз. Ескі әлемімізден шыға алмағандықтан, өзіміз иемденген қасаң түсініктеріміздің жемісі болған анықтамасыз өмір салтынан толық арыла алмайтындықтан, бұл жаңа әлемімізбен бірден тіл табыса алмаймыз. Әріптері, тіпті дыбыс бояуы да ана тілімізге мүлде ұқсамайтын бір шет тілін
аман қалу үшін үйренуге мәжбүр болғанымыз сияқты.
Людвиг Больцманның пікірінше, ғаламның тағдыры, яғни заңы – бейберекетсіздік. Ғаламдағы ретсіз үдерістер күрделі жүйелерді тудырады. Мысалды автомобиль мен оның қозғалтқышынан келтірер болсақ: ол энергия мен отынды ретті түрде қабылдап, оларды көлемі мыңдаған есе үлкен газдарға айналдырып, айналаға жылу мен дыбыс таратып, тәртіпті бейберекетсіздікке айналдыру арқылы бізді А нүктесінен В нүктесіне жеткізеді…
Қысқасы, энтропия қағидасы 2020 жылды бізге былайша түсіндіруге тырысады. Әмбебап жүйенің талабы болып табылатын, біз үйреніп қалған тәртіп бұзылып, хаосқа ұласқан болса, бұл міндетті түрде өзгеріс пен түрлену арқылы жаңарудың бастауында тұрғанымыздың белгісі. Қазір қолымыздан сусып шығып кеткен әлеміміз мүлде басқа жүйемен, біз бұрын-соңды білмеген түрде қайта басталады. «The Great Reset» («Ұлы қайта жүктеу») дейтіні сол… Уақыт терезесіндегі соңғы кадрды аяқтауға аз қалды деп хабар жіберіп жатқандары сияқты.
Егер біз қоғам ретінде аяқтан тік тұрып, жаңа жүйеге өткіміз келсе, әрекетке көшетін нақ уақыт осы. Әйтпесе «Маска киіңіз, арақашықтық сақтаңыз, таза болыңыз, әйтеуір үйде отырыңыз» сияқты анықтамасыз, қозғалыссыздыққа кесілген мәселеміздің, яғни өмірлік энергиямыздың жойылуға бет алғанына ретсіз түрде куә боламыз.
Егер бұл жағдайға қызығушылық танытатын Ғылыми кеңес бар болса, олар Энтропия қағидасымен құрметті Людвиг Больцман мен Ғалам, теориялары мен парадоксымен құрметті Альберт Эйнштейн сияқты ғалымдардың кеңестеріне жүгіне алады.