Жаңа сапардағы Қытай

5gvirusnews ақпарат орталығы, Нұр-Сұлтан, д-р Нурфер Терджан / 19 желтоқсан 2020
Қытай халықаралық деңгейде кедейлікті азайту үдерісін жеделдету үшін көмек жұмыстарын бастады
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 2015 жылғы желтоқсанда Пекинде басталған Кедейлікті азайту тәжірибесімен бөлісу жөніндегі халықаралық форумға жолдаған құттықтау хатында Қытай халықаралық деңгейде кедейлікті азайтуға ықпал ету және адамзаттың ортақ болашағы бар қауымдастығын қалыптастыру үшін барлық елдермен жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
Хатында Си Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) мен Қытай үкіметінің кедейлікті азайту жолындағы күш-жігерінің тарихи барысын, ұлы жетістіктерін және халықаралық үлесін де баяндады. Си хаты Қытайдың COVID-19 індеті әлемге алып келген қиындықтарға жауап беру, кедейлікті азайтуға бірлесіп ықпал ету және әлемдегі көбірек адамның кедейлікті азайту нәтижелерінен пайда көруіне көмектесу жөніндегі мызғымас шешімін көрсетті. Кедейлікті жоюды “адамзаттың ортақ мұраты” деп атаған Си ҚКП мен Қытай үкіметі халыққа жақсырақ өмір қамтамасыз ету үшін тынымсыз әрі қажырлы күш салып келе жатқанын айтты.
Реформа және ашықтық саясатының өткен 40 жылдан астам кезеңінде Қытайда 700 миллионнан астам адам кедейліктен құтылды және ел жаһандық кедейлікті азайтуға 70 пайыздан астам үлес қосты. 2012 жылғы ҚКП-ның 18-съезінен бері ҚКП мен Қытай үкіметі кедейлікті азайтуды бұрынғыдан да айқын орынға шығарып, кедейлікке қарсы тарихтағы ең ауқымды әрі ең қарқынды күресті жүргізді.
Сегіз жылғы үздіксіз күш-жігерден кейін Қытай жаңа кезеңге арналған кедейлікті азайту мақсатына жоспарлағандай қол жеткізді.
Ел қазіргі табыс стандартынан төмен тұрған барлық ауылдық кедейлерді кедейліктен шығарды, барлық кедей аудандарды кедейлік тізімінен алып тастады және абсолюттік кедейлік пен жалпы өңірлік кедейлікті жойды.
Ауылдық жерлердегі 100 миллионға жуық кедей адамның кедейліктен құтылуымен Қытай бүкіл әлемге ықпал еткен маңызды жеңіске жетті.
“1981–2004 жылдар аралығында Қытай жарты миллиардтан астам адамды аса кедейліктен құтқара алды. Бұл, сөз жоқ, тарихтағы кедейлікті еңсеру жолындағы ең үлкен қадам. Қытайдың жеке өзінің күш-жігері әлемде кедейлікті азайтуға бағытталған Мыңжылдық даму мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз етті”, – деді Дүниежүзілік банктің бұрынғы президенті Роберт Зеллик.
Қытай әрқашан: “Өзің мансап пен мәртебе қаласаң, онда өзгелерге де мансап пен абырой табуға көмектес” дейді.
Қытай ел ішінде кедейлікті азайтуды ілгерілете отырып, басқа дамушы елдерге әрдайым шамасы келгенше көмек көрсетіп, нақты іс-әрекеттер арқылы жаһандық кедейлікті азайтуға үлес қосып келеді.
Ел Қытай-БҰҰ Бейбітшілік және даму қорын және Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығына көмек қорын құрып, Шығыс Азиядағы кедейлікті азайту жөніндегі ынтымақтастықтың пилоттық жобасы және Қытай-Африка кедейлікті азайту сияқты шеңберлер аясындағы ынтымақтастық жобаларында елеулі ілгерілеушілікке қол жеткізді. Сондай-ақ Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасы (BRI) аясындағы ынтымақтастық пен БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібі арасында бұдан да зор синергия іздеуді жалғастырып отырғаны атап өтілді.
Дүниежүзілік банк баяндамасына сәйкес, BRI жобалары 7,6 миллион адамды аса кедейліктен және 32 миллион адамды орташа деңгейдегі кедейліктен құтқаруға көмектесуі мүмкін. Биылғы маусымда Қытай БҰҰ-ның Кедейлікті жою жөніндегі альянсына құрылтайшы мүше ретінде қосылды. 2021 жылы ел Азия-Тынық мұхиты өңірінде кедейлікті жоюдағы цифрлық технологиялардың рөлін айқындау мақсатында цифрлық технологияның көмегімен кедейлікті азайту тақырыбында семинар өткізеді.
БҰҰ-ның Латын Америкасы және Кариб бассейні елдері жөніндегі экономикалық комиссиясының (ECLAC) атқарушы хатшысы Алисия Барсена Қытайдың басқа дамушы елдердегі кедейлікті азайтуға көмектесу үшін кемінде 166 елге және халықаралық ұйымға көмек көрсеткенін атап өтті.
COVID-19 індеті басталғаннан кейін Қытай ең кедей елдерді қолдау мақсатында G20‘ның Борышқа қызмет көрсетуді тоқтата тұру бастамасын белсенді түрде қолдады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш жақында 2015 жылы әлем көшбасшылары қабылдаған кедейлік пен қоршаған ортаға қатысты мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған жаһандық әрекеттің “жеткілікті түрде батыл” емес екенін және аса кедейлік деңгейін 2030 жылға қарай 3 пайыздан төмен түсіру өте қиын болатынын ескертті. .
Бүкіл әлемде індет өршіп тұрған кезде кедейлікті азайту үдерісі елеулі қиындықтарға тап болып отыр. БҰҰ жойқын COVID-19 індеті барған сайын көп адамның кедейлікке ұшырауына әкеледі деп болжады.
Қытайдың кедейлікті азайту саласындағы тәжірибесі халықаралық қауымдастықтың барған сайын көбірек назарын аударып, Қытайдың кедейлікті азайту тұжырымдамалары мен тәжірибесінен үйреніп жатқан елдер саны артып келеді. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директоры Гай Райдер кедейлікті жою елдің жедел экономикалық өсуінің немесе әлемнің дамуының сөзсіз жемісі емес екенін айтып, мұның елдің саясатына байланысты екенін атап өтті. Райдер Қытайдың кедейлікті азайтудағы жетістіктері осы ойды дәлелдейді деп санайды. Оның пікірінше, жұмыспен қамтуды арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметтерін жақсарту бойынша қабылданған шаралармен қатар, ел кедейлікті азайтуда оны саясаттың маңызды мақсатына айналдырғанда ғана ілгерілей алады. Қытаймен сауданы дамытуға арналған, Лондонда орналасқан коммерциялық емес «48 Group Club» төрағасы Стивен Перри реформа арқылы кедейлікті жою және Қытайдағы ашықтық саясаты үдерісі кедейлікті жеңілдетуге тырысып жатқан барлық елдер үшін құнды үлгі екенін айтты. Си G20 көшбасшыларының 15-саммитінің 2-отырысында бейнебайланыс арқылы сөйлеп, Қытай кедейліктен арылған және ортақ дамудың игілігін көріп отырған әсем әлем құру үшін басқа елдермен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
Қытай жақын арада барлық жағынан орташа ауқатты қоғам құруды аяқтап, заманауи социалистік елді толық құру үшін жаңа сапарға аттанады.
Жаңа сапарда Қытай кедейлікті азайтудағы жетістіктерін нығайтып, кеңейтетінін және халықаралық деңгейде кедейлікті азайту үдерісін жеделдету мен адамзаттың ортақ әл-ауқатын жақсарту үшін даналық пен күш қосуды жалғастыратынын атап көрсетеді.